Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Одақты құртпақшы…”. Қырғыз саясаткері Атамбаевтың қолтығына су бүріккен кім екенін айтты

133

Бұл туралы қырғыздың экс-министрі Алматыға сапары кезіндегі сұқбатында мәлім етті.

Болашақты бағдарлай алмаған біздің басшымыз солардың жетегіне еріп кетті…

– Қырғызды Атамбаев басқарған мезгіл –

популизм, авантюризм, жауапсыздық белең алған кезең болып тарихта қалады.

Де-факто – Атамбаев кетті. Жиенбеков – Президент. Енді ол Қазақстан мен Қырғыз Республикасының қарым-қатынасын ретке келтірудің жолын қарастыруы керек. Бұны мен бірінші кезектегі мәселе деп ойлаймын, – дейді Әлікбек Жекшенқұлов.

Оның пікірінше, сайлау кезінде Атамбаевтың қолтығына су бүркіген „үшінші күш„ болды.

  • Үшінші күштердің бары анық.

Қазір сол үшінші күштердің тарапынан Қазақстан, Ресей, Қырғызстан мүшелік етіп отырған ЕАЭО-ны құрту үшін жұмыс жасалып жатыр. Біздің болашақты бағдарлай алмаған басшымыз солардың жетегіне еріп кетті.

Ресейге қазақ пен қырғыздың арасы алшақтағаны керек емес. Ресейдің өзінің проблемалары көп. Санкция бар, экономикалық проблемалары бар… Бұл жағдайда Ресейге қазақ пен қырғыздың араздығы тиімсіз.

Мұнда айта кету керек, Нұрсұлтан Әбішұлы ақылмандық қылды.

Ол қазақ пен қырғыздың арасы тату болғанын қалайтынын көрсетті. Атамбаевтың айтқандарынан кейін – бұл көрегенділік қадам. Жалпы, Орталық Азияның тағдырына бейжай қарамайтын адамның ісі болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев – Қазақстандағы ең мықты саясаткер

Тарихтан белгілі қазақ пен қырғыздың бай манаптары жеке амбиция үшін жерге таласып келген. Ал қарапайым халық тату болған.

Қасым Жомарт-Тоқаевты мен жақсы танимын. Министр кезінен, зам-министр кезінен.

Қазақстандағы ең мықты жігіттердің бірі. Ол кісі бекер айтпайды (Твиттер әлеуметтік желісіндегі Тоқаевтың ресми Бішкекке қатысты пікірін айтады. – Н.Ә.). Қазақ пен қырғызға күйгендіктен өз пікірін айтып жатыр. Осы позициядан қарауымыз керек.

Атамбаев сайлауға араласып, қате мәлімдемелерін жасау арқылы өзінің саясаттағы жолын буып тастады. Тіпті, саясатта қалса да,

біздің ең басты транзитіміз болып отырған Қазақстанмен ол енді қалай жұмыс жасайды?!

Енді ведомстволарды, елдік дипломатияны тығыз араластыруымыз керек. Біз түсіндік, қазақ-қырғыз бір-бірімізге керек елміз, бір-бірімізді қолдауымыз керек, – дейді өз сұқбатында Қырғыз Республикасының бұрынғы Сыртқы істер министрі Әлікбек Жекшенқұлов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз