Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Одаққа қоспақшы ма? Путин Тәжікстанға тартып кетті

Путин Тәжікстанға ақпан айының басында сапарлап баруды көздеп отыр. Бұл туралы өткен аптада РФ бірінші вице-премьері Игорь Шувалов тәжік-ресей үкіметаралық комиссиясының отырысында мәлімдеді.

Көптеген сарапшылар Путиннің Душанбеге сапары кезінде Тәжікстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіру мәселесі көтеріледі деп болжайды. Бірақ министр Неъматулло Хикматуллозоданың айтуынша, «бұл мәселе әлі талқыланып жатыр, Душанбе осы ұйымға кірген елдердің тәжірибесін зерттеп біткен жоқ».

Владимир Путин соңғы рет тәжік астанасына 2015 жылы қыркүйекте Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты ұйымы саммиті кезінде барған. Сол кезде ол Тәжікстанды “Ресейдің стратегиялық әріптесі” деп атаған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз