Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Обал жоқ!” Сот Мұратхан Тоқмәдиді 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды

https://kaz.365info.kz/sol-kezde-atyp-zhiberdim-atyshuly-myrathan-tokhmadi-13-zhyl-zhasyrgan-khypiyany-zhariya-etti-301859

Бүгiн Жамбыл облысы бойынша қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сот судьясы Азамат Тілепов Тоқмәдиге 10 жыл 6 ай жаза тағайындалғанын айтты. Енді ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қауіпсіздігі жоғары колониясында өтейді. Оның мүлкі тәркіленбейді.

12-наурызда өткен сот жарыссөзiнде прокурорлар – Асхат Нұрлыбаев пен Iлияс Есқалиев Мұратхан Тоқмәдидiң кiнәсiн дәлелдейтiн айғақтарды келтiрген болатын.

«Мұратхан Тоқмәдидi тағылып отырған айыптар бойынша кiнәлi деп тану үшiн сот процесi кезiнде жеткiлiктi дәлелдер келтiрiлдi деп ойлаймыз.

Себебi, қылмыс жасаған тұлғаның кiнәсi дәлелдендi. Ол қылмысты қасақана жасады.

Тоқмәди кiнәсiн мойындап, жасаған iсiне өкiндi.

https://kaz.365info.kz/myrathan-tokhmadi-kelinshegim-meni-zansyz-tytkhyndaldy-dejdi-shyn-maninde-olaj-emes-video-285717

Қылмыстық жауапкершiлiктi жеңiлдететiн жағдайлар ретiнде айыпталушының кiшкентай балаларының бар болуын, қылмысын мойындап, өкiнуiн, қылмысқа қатысы бар басқа азаматтарды анықтауға, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға белсендi ықпал етуiн және оның оң мінездемесін қарастыруға болады. Тоқмәдидiң кiнәсiн ауырлататын жағдайлар жоқ. (…) Құрметтi сот, Мұратхан Тоқмәдидi жалпы 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын», – деген едi прокурор Есқалиев.

Ал, Мұратхан Тоқмәдидiң адвокаты Анжелика Ажигулова судьядан жазаны жеңiлдетудi өтiнген болатын. Тоқмәдидiң өзi де осындай өтiнiшiн соттағы соңғы сөзiнде бiлдiрген едi.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз