Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Обал-ай! Бас прокуратура алдында өзін өртеген әйел өлім аузында жатыр (видео)

Майра Рысманова былтыр Шу қаласында шу шығарыпты. 48 жастағы әйел сол кезде жергілікті полицейлер жас жігіттерді бопсалап, жазықсыз түрмеге қамап жатыр деп айыптаған. 28 жастағы ұлының да осылай тәртіп сақшыларының құрбаны болғанын айтқан.

Майра Рысманова, Шу қаласының тұрғыны:

– Үмбеталиев Мұрат, баламды қамап тастады. Біреуге куәгер болмадың деп  қамады.Көлік жөндеу орталығынан шығып келе жатқанда,екі көлікпен 10-15 полицей қоршап  көлігіне анаша, қалтасына героин салған.

Десе де, Майраның ұлымды ақтап аламын деген әрекетінен түк шықпапты. Сөйтіп, былтыр маусымда баласы ірі көлемде есірткі сақтағаны үшін 4 жарым жылға сотталып кеткен. Содан бері құзырлы орындардың табалдырығын тоздырып, әділдік іздеген ана, бүгін ақыры оқыс қадамға барды. Бас прокуратураның бақылау өткізу пунктінде сыртқы киімін шешіп, үстіне бензин құйып, өртеп жіберген.

 

Өзін өртеген әйел дереу қаладағы 1-ші ауруханаға жеткізілген. Бірақ денесінің сау тамтығы қалмай күйгендіктен, өмір мен өлім арасында жатыр.

Ал, Бас прокуратура өзін өртеген Майра Рысманованың ұлына қатысты істі Шу қаласындағы әріптестерінен сұратып үлгерген. Сөйтіп, есірткі сақтаған үшін сотталған жігіттің қылмыстық ісі бір апта ішінде Астанаға жеткізілуі тиіс. Оны прокурорлар үтір  нүктесіне дейін қайта қарап шықпақшы.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз