Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Оңтүстікте жол апатына ұшырап, қаза тапқан бес адам жас әртістер екен

Арыс қаласының тұрғыны КамАз автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс бағытына шығып кетіп, Volkswagen Passat автокөлігімен соқтығысып, содан кейін оқиға орнынан қашып кеткен деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апаты салдарынан оқиға орнында Volkswagen Passat автокөлігінің 5 жолаушысы қаза тапты: 1988, 1997, 1998 жылдары туылған үш қыз және 2001, 2002 жылдары туылған тоғызыншы сыныптың екі оқушысы. Қаза тапқандар әртістер болатын, Шардарада өтетін мерекеге қатысуға кетіп бара жатқан еді. Жарақат алған жеңіл автокөлік шопыры аудандық ауруханаға жеткізілді. Жедел іздестіру шараларының барысында Арыс АІІБ қызметкерлері қашып кеткен шопырды құрықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Сараптама нәтижесі бойынша 57 жастағы ер адамның орташа деңгейде мас болғаны анықталды.

Бұл факті Арыс АІІБ СТБР-не екі бап бойынша тіркелді: 345-бап “Жол қозғалысы ережелерін бұзу немесе көліктік құралдарды басқарушы тұлғалардың көліктік құралдарды басқару ережесін бұзуы” және 347-бап “Жол апаты болған жерден кетіп қалу”. Екі автокөлік айыппұл тұрағына әкелінді. Бірнеше сараптама тағайындалған. Сот алды тергеу ісі жүргізілуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз