Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Оңтүстікте жұмыстан қуылған дәрігерлер қайтадан жұмысқа тұрып алыпты

Бұл сурет көпшіліктің ашу-ызасын туғызған, соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы шенеуніктерінің де жағасын ұстатқан. Ол кезде облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Сейітжамал Пакеев: “Бұл біз үшін төбеден жай түскенмен бірдей болып отыр” деп мәлімдеген еді.

Одан кейін медициналық көлікті мақсаттан тыс пайдаланған үш қызметкер жұмыстан қуылған.

Осы оқиғадан соң аға дәрігер мен бас дәрігердің орынбасары жұмыстан қуылды, ал бас дәрігер өз еркімен басқа жұмысқа ауысқан. Алайда арада бірнеше ай өткен соң қос дәрігер де сот шешімімен өз қызметіне оралды.

Құдірет Үстелбаев, ОҚО Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары:

– 2016 жылдың 11-тамыздағы соттың қаулысына сәйкес, екі қызметкер де өз мансабын сақтап қалды. Ал 17-тамыздан бастап, олар жұмысқа шықты. Сот екеуінің болған оқиғаға кінәсі жоқ деп шешті.

Сөйтсе сот қоғамның қызу талқысын туғызған суреттің медициналық көмек стансасы территориясы маңында түсірілгенін анықтаған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз