Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Оңтүстікте үш депутат «көтеріліп» кетті

30 жастағы депутат Мадияр Оразалиев ОҚО Сайрам ауданы әкімінің орынбасары қызметіне кетті. Ал облыс мәслихатының депутаты болған Мұқан Егізбаев ОҚО денсаулық сақтау басқармасының бастығы болды. Бұл соңғы шақырылымдағы депутаттардың алғаш рет мандатымен қош айтысуы екен.

Облыстық мәслихаттың мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссия мүшелері тарапынан қолдау тапқаны айтылды, жиында.

Мәслихат отырысында өңірдің бірнеше азаматтарына «Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағы берілді. Сондай-ақ «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Оның ішінде әлеуметтік бағыттарға бөлінетін қаражаттың артқаны айтылды. Сонымен қатар ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев коммуналдық қызмет көрсету жүйесінде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін республикалық қазынадан қомақты қаражат бөлінгенін жария етті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз