Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-2
USD
426
+0.41
EUR
495
+0.06
RUB
6.14
+0.08

Оңтүстікте парамен депутат ұсталды

Нақты айтқанда, 200 000 теңге пара алып жатқан жерінен Қастеев атындағы облыстық өнер және дизайн колледжінің директоры А.Ниязов ұсталған. Ол бұл параны оқытушыдан колледжге талапкердің оқуға түсуі және педагогикалық сағатты көбейту үшін алмақ болған.

Қазіргі таңда ұсталған азамат қалалық ішкі істер басқармасының уақытша тергеу абақтысына қамалды. А.Ниязов қалалық мәслихаттың бесінші және алтыншы шақырылымына депутат болып сайланған.

Бұған қоса, «Айсана ана» және «Жас шуақ» балабақшаларының құрылтайшысы мен меңгерушісі ұсталды. А.Биболов балабақшада тәрбиеленетін бүлдіршіндердің жалған тізімін жасау арқылы «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы арқылы бөлінген бюджеттің 10 000 000 теңгесін жымқырған.

Қазір бұл азамат Мақтаарал аудандық ішкі істер бөлімінің абақтысында қамауда жатыр. Осы екі факті бойынша тергеу-тексеру жалғасуда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз