Қазгидрометтің мәліметінше, еліміздің басым аумағында атмсофералық ағымдардың өтуінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, кей жерлерде тұман түсіп, бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн ашық.
Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында, түнде Маңғыстау облысының кей ауданында желдің жылдамдығы 15-22 м/с дейін барады. Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел соғып, шаңды дауыл көтеріледі. Түнде Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, жел күшейеді.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.