Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Оңтүстік Қазақстанда жыл соңына дейін 144 отбасы баспаналы болады

Қаладағы айналма жолдың бойынан салынып жатқан 9 қабатты екі тұрғын үйде негізгі құрылыс аяқталған. Бүгінгі таңда қала бойынша 3 930 азамат баспана кезегінде тұр. Олардың дені – әлеуметтік жағынан аз қамытлған отбасылар.

Байдулла Оразбеков, Түркістан қаласы Тұрғын үй-коммунальдық шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары:

– Әлжуаз топтарға 60 пәтерлі «Тұрғын үй» бағдарламасымен салынған пәтерлерді береміз. Ал Қазақстан ипотекалық компаниясымен салынған үйлер ипотекалық болғандықтан қомақты қаржысы бар, төлем қабілеті жететін азаматтар болуы қажет. Сол себепті мемлекеттік қызметкерлерге ұсынамыз.

Сондай-ақ осы бағдарлама аясында бүгінде Шымкент қаласында да 900-ден астам пәтер салынып жатыр. Ал жыл соңына дейін еліміз бойынша жалға берілетін 326 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысы аяқталады.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз