Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
20
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Оңтүстік Қазақстан облысында аккумулятор ұрлауды кәсіп еткен екі азамат құрықталды

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сайрам аудандық ішкі сітер басқармасының қызметкерлері 1978 және 1996 жылдары туылған Түлкібас ауданының екі тұрғынын күдікті ретінде құрықтады.

Тергеу барысында күдіктілердің аккумулятор ұрлықтарының 9 жайтына қатыстылығы анықталды. Белгілі болғандай, олар түрлі жолдармен жүк көліктерін ашып, аккумуляторларын қолды етіп келген. Ұрланған мүлікті түрлі жерлерге өткізіп, ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 700 мың теңгеден астам қаржыны құрап отыр.

Аталған жайт бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы – «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің қолына ешқайда кетпеу туралы қолхат табыс етілді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз