Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Нью-Йорктік жігіт амалын тауып, карантинде оқшауланып отырған қызбен танысты

199

Америкалық көрші қыз Ториді көндіріп, қашықтан кездесуді ұйымдастырады. Ол өзінің балконында дастархан жайып, Торидің де осылай жасауын өтінеді. Жастар видеобайланыс арқылы хабарласып, тез тіл табысып кетті. Кейін Коэн жаңа танысын шанайы кездесуге шақырады. Сақтық шараларын бұзбас үшін, кездесуге үрленетін мөлдір шармен келеді.

«Мен  бұндай шардың осындай жағдайда  кездесуге пайдалануға болатын таптырмас амал екенін білдім. Мен қызды таңғалдырып, көңілін жаулап алдым», – деген жігіт қуанышын жасыра алмады.

Нағыз джентльмен ретінде Коэн Ториге гүл сатып алды, тіпті өзімен бірге антисептик әкелген. Бірақ шардың ішінде тұрғандықтан, оған сыйлығын бере алмады.

«Бізге бір-бірімізбен араласу қиын болды, алайда үнемі күлдік», —дейді Коэн.

Фотограф олардың әр кездесуін видеоға түсіріп, TikTok желісіне жүктеген. Оның видеороликтері әлеуметтік желіде тез арада тарап, жігіт танымалдыққа ие болды.

«Жақын арада онымен кездесемін деп ойлаймын. Шынымды айтсам, біз әлі үшінші кезедесу туралы сөйлеспедік», — деп мойындады Коэн.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз