Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
26
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

Нью-Йоркта терракт жасаған Өзбекстан азаматы екен

29 жастағы жігіттің аты-жөні – Сайфулло Хабиболлаұлы Саипов. 2010 жылы АҚШ-қа тұру үшін келген.

Ресми дерек бойынша, жігіт жүк көлігімен қатты жылдамдықпен велосипедке арналған жолақпен жүрген, алдынан шыққан жолаушыларды таптап өте берген. Қаскөй мектеп автобусымен соқтығысқан.

Ер адам жүк көлігінен түскенде, болжам бойынша қолында қаруы болған, полиция оны атып, ішінен жаралаған.

Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио шұғыл түрде оқиға орнына жетті.

АҚШ ішкі қауіпсіздік министрлігі оқиғаны “терроризм акті” деп мойындады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз