Продюсер сұлулық құпиясын жасырмайды және әжімдермен қалай күресетінін айтты.
“Мен массаж жасаймын. Егер сіз бұл процедураның нәтижесінде қандай ғажайыптарға қол жеткізетініңізді білсеңіз, көңіліңізде ешқандай күмән қалмас еді. Нәтижесі айқын. Бұл массаждың көмегімен барлық бет бұлшықеттері мен жүйке талшықтарының ұштары тартылады”, – деді Гүлзира “Paparazzi” бағдарламасында.
Мұнымен біткен жоқ. Продюсер айтқандай, ол көзін үлкейту үшін емес, жоғарғы қабақтардағы май қатпарларын кетіру үшін блефаропластикаға да жүгінген.
“Иә, мен май қабаты деп аталатынды алғызып тастадым. Бірақ бұл мен жасаған жалғыз хирургиялық ота. Сыртқы келбетім өзіме ұнайды, ештеңе өзгертемін деп ойламаймын. Қазіргі сәтте күресетін жалғыз нәрсем – бұл әжімдер”, – деп Гүлзира сөзін толықтырды.