Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

Айта кетерлігі, 2017 жылы ішкі жалпы өнім өсімі 4 пайызды құрады. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 5,5 пайызға артып, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 7,1 пайызға ұлғайды. 2017 жылдың 9 айында шетел инвестициясының таза түсімі 3 034,8 млн долларды құрады. Өткен жылдың қаңтар-қараша айларының аралығында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 69,5 млрд долларға жетіп, 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,1 пайызға артты. Оның ішінде экспорт көлемі 43,1 млрд долларға жетіп отыр. Ұлттық банктің алтын-валюта активі 31,1 млрд доллар болды. 2018 жылдың 1 қаңтарында жеке тұлғалардың депозиттері 3,7 пайызға көбейіп, 8120,9 млрд теңгені құрады.

Өңірлік шекте өнеркәсіп өндірісінің көлемінің артуы 14 өңірде байқалды. Ең жоғары өсім Атырау облысы мен Астана қаласында тіркелген. Ал ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өсімі 2,9 пайызға жетті. Бұл ретте ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің еліміздің 14 өңірінде байқалғанын атап өткен орынды. Ең жоғары өсім – Маңғыстау, Павлодар, Жамбыл және Ақтөбе облыстарында. Құрылыс саласындағы өсімнің жоғарылауы Қостанай, Ақмола, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында байқалады. Жалпы, 2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында пайдалануға берілген үйлердің өсімі 6,2 пайызға жетіп отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз