Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жастарды әлемнiң ең озық мамандарының деңгейiне көтерiлуге шақырды. Бүгiн «Жаңа әлемге жол саламыз» атты гала-форумда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы Гүлшара Әбдiқалықова жастарға Елбасының құттықтау сөзiн оқып бердi, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
Елорданың ЭКСПО-2017 Конгресс-орталығында «Жаңа әлемге жол саламыз» атты гала-форум өтiп жатыр. Шара «Жас Отан» Жастар қанатының кезектi IV съезi аясында ұйымдастырылып отыр. Оған елiмiздiң барлық өңiрiнен келген 1500-ден астам белсендi жасотандық қатысуда. Форумда Қазақстан президентiнiң құттықтау сөзiн Гүлшара Әбдiқалықова оқып бердi.
Солардың қатарында латын әлiпбиiне көшу, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы, үштiлдi бiлiм беру сияқты мiндеттердi елдiк мүдденiң жаңа деңгейi деп атап өтер едiм. (…) Осының барлығында мен жастардың сапалы бiлiм алып, бәсекеге қабiлеттi маман болып қалыптасуына ерекше көңiл бөлiп, соған басымдық бердiм. Өйткенi, сендер елiмiздiң ертеңi ғана емес, мен айқындаған мақсаттарды жүзеге асыратын буынсыңдар.
Мен сендердi белсендi түрде жан-жақты дамуға, спортпен, өнермен айналысуға, шет тiлдердi үйренуге, отандық және әлемдiк әдебиеттiң терең мұраларын танып, бiлуге, ең бастысы әрқайсың өз салаларыңда әлемнiң ең озық мамандарымен иық тiрестерiп, қатар тұра алатындай деңгейге көтерiлуге шақырамын. (…) Мен сендердiң тың бастамаларыңды әрқашан қолдаймын. Ендеше, жаңа әлемге салған жолдарыңыз әрдайым ашық әрi даңғыл болсын», – деген Елбасының құттықтау сөзiн Гүлшара Әбдiқалықова оқып бердi.
Гала-форумда өз саласында белгiлi бiр биiктердi бағындырған, қоғамның дамуына өзiндiк үлес қосқан жас қазақстандықтар сөз сөйлеп, әрiптестерiне жетiстiкке жетудiң қыр-сырын әңгiмелеуде.
Атап өтсек , бүгiнгi таңда жастар қанаты 150 мыңнан астам жас қазақстандықтың басын бiрiктiретiн бiрегей ұйымға айналған. Әр облыс, қала және ауданда өз өкiлдiктерi бар. Қазiргi таңда бүкiл Қазақстан бойынша «Жас Отанның» 230-ға жуық бастауыш ұйымы жұмыс iстейдi.