Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиң Пин ірі жобаларды қолға алды

Тіпті мемлекет басшыларының келіссөздері нәтижесінде құны ондаған миллиардты құрайтың ірі жобалар қолға алынатын болды.

“Қытай халық жиналыс үйі” – әлемдегі ең үлкен Тян Ен Мэнь алаңында орналасқан ғимаратта биліктегі коммунистік партияның барлық сьезді өтеді, түрлі халықаралық маңызды келісімдер жасалады. Бір сөзбен айтқанда басты саяси нысан. Қытай төрағасы Си Зиң Пин, Қазақстан Президентін өзінің резиденциясында емес, дәл осы тарихи сарайда карсы алуды жөн көріпті.

Бұл әрине халықаралық протоколға салсақ, айрықша құрметтің белгісі. Ал, мемлекеттік сапармен келген президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмыс кестесі өте тығыз. Түнде әуежайға келген бірден осында бет алды. Сүліктей кара көліктен түскен әріптесін, Си Зиң Пиннің өзі шығып, күтіп алды.

Тура бір жыл көріспеген мемлекет басшылары қол алысып амандасқан соң, салтанатты қарауыл сап түзеп, әскери оркестр екі елдің әнұранын әуелетті. Зеңбіректен оқ атылып, Бейжіңді жаңғыртты. Ал, протоколда бекітілген ресми шаралар аяқталған соң, тараптар кеңейтілген құрамда кездесу өткізді. Мұнда Елбасы алдымен әріптесін Қытай төрағасы болып қайта сайлануымен құттықтады.

“Тәжірибесі көп саясаткер ретінде сізді қолдап, құттықтағып келіп отыр. Бұл өте дұрыс. Өткен жылы Астанада өткен кездесуімізді, екі жаққа да тиімді болатын келісімдерді еске аламын. Бұл Қазақстан үшін барлық жағынан қолдау”, – деді Елбасы.

Елбасы Қытайдың жай көрші ғана емес, Қазақ елінің экономикасына қыруар инвестиция құйып отырған, маңызды серіктесі екенін айтты. Жалпы, қазақ-қытай ынтымақтастығының арқасында құны 67 миллиард долларды құрайтын 127 маңызды жоба іске асырылған. Төраға Си Зиңпин де ресми Астананы стратегиялық сенімді дос екенін айтып ағынан жарылды. Қытай тарапы әсіресе, қазақтың мұнайы мен астығына ықылас танытып отыр.

“Қазақстан біздің көрші ғана емес, өңіраралық ықпалды державалардың бірі. Ұзақ жылға жалғасқан қарым-қатынасымыз өзгелерге үлгі боларлықтай. Біз сіздермен даму жолында бірге жұмыс істеуге үнемі дайынбыз”, – деді Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Зиңпин.

Бұдан соң тараптар екі жақты маңызды келісімдерге қол қойды. Шекарадан радиоактивті қауіпті заттардың заңсыз тасымалдануына карсы күрес, электронды сауда және өзге де салалар бойынша ынтымақтастықты көздейтін құжаттар. Қысқасы уағдаластықтар іске асса, қазақ-қытай арасында сауда-саттық қазіргіден де артып, инвестиция көлемі көбеюі тиіс. йтылмады. Елбасының мемлекеттік сапары әлі жалғасады. Ертең президент Бейжіңдегі әлдемге танымал бизнес өкілдерімен кездеспек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз