Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанда «Ел-жұрт құрметі» орденімен марапатталды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Бүгін мемлекет басшысы Назарбаев Өзбекстан астанасы Ташкентке ресми сапармен барған болатын. Сапар барысында ол ел президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті.
Мирзиеев орденді екі елдің стратегиялық байланысын, достығын дамытуға арттырғаны үшін табыстады.