Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Нұрсұлтан Назарбаев Нобель сыйлығының лауреаттарымен кездесті

145

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев қонақтардың Қазақстан үшін маңызды уақытта келгендігін атап өтті.

«Бүгін біз «ЭКСПО-2017» көрмесінің аясында осы кездесуді өткізіп отырмыз. Бұл көрмені Қазақстан ұтып алып, жақында салтанатты түрде ашқан болатын. Оған әлемнің 155 мемлекеті мен 22 халықаралық ұйым қатысып жатыр. Олар өздерінің жаңа технологияларын көрсететін болады. Тақырып – «Жаңа энергетика». Бұл туралы қазіргі таңда бүкіл әлем айтуда. Көрменің арқасында Қазақстан жаңа технологиялар бойынша әлемнің назарын өзіне қаратып отыр. Биыл біз осы форумда жаңа энергия мен жаңа экономика сұрақтарын талқылаудамыз», – деді ол.

Осы орайда Елбасы әлемде болып жатқан өзгерістерге тоқталды.

«Біз көптеген дүниелердің өзгеріп жатқанын бақылаудамыз. Технологияның дамуына байланысты бізді қоршаған әлемнің революциялық түрде өзгеріске ұшырап жатқандығын байқауға болады. Мысалы, электромобиль, нанотехнология жаңа энергияның түрлері. Біз мұны кезінде футуристикалық деп ойлағанбыз. Енді міне бұлар бізге келіп отыр», – деді президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы әлемдік саясаттағы болып жатқан оқиғаларға тоқталды.

«Әлемдегі саясатта да көп дүниелер өзгеруде. Еуропада көптеген процестер болуда. АҚШ пен Еуропаның қарым-қатынасы туралы айтуға болады. Жақында біз Шанхай Ынтымақтастық ұйымының жиынын өткіздік. Онда ШЫҰ-ның құрамына Үндістан мен Пәкістан қабылданды. Осылайша, бұл ұйымдағы халықтың саны 3 млрд-тан астам адамды құрады. Бұл әлемдегі саясат пен жаһандық экономикада ең маңызды факторға ие.
Осы жерде «Ұлы Жібек жолы» бағдарламасына қатысатынымызды ескеруге болады. Бұл Тынық мұхиттан Батыс Еуропаға дейінгі аумақты қамтиды. Мұнда конфигурация өзгеріп, экономика мен саясатта жаңа полистер пайда болуда. Бұл да әлемде болып жатқан ақиқат», – деді Мемлекет басшысы.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев жаһандағы тұрақты дамуға кедергі келтіретін соңғы оқиғаларды айтты.

«Сонымен қатар жеке өңірлердің дамуында мәселелер туындауда. АҚШ-тың Париж келісімінен шығуы, Катарда туындаған мәселелер. Осының барлығы тұрақты дамуда қиындықтар тудырады. Экологиялық мәселелер де, жаһандану процестері, миграциялық ағым, құбылмалылық. Кейбір мемлекеттердегі патрионализм сауда-саттыққа, өзара қарым-қатынасқа, интеграцияға кедергі келтіруде», – деді президент.

Сөз соңында Елбасы Нобель сыйлығының лауреаттары мен әлемнің беделді ғалымдарының кездесуі өте маңызды екенін атап өтті.

«Осы аталған және басқа көптеген сұрақтар сіздерге белгілі. Бұл туралы кейін пленарлы отырыста сөйлессем деймін. Бұл өте қызықты фактілер. Сіздердің әрбіріңіз белгілі бір сала бойынша жұмыс істейсіздер. Сіздер сарапшысыздар. Сондықтан сіздерді тыңдап, пікір алмасқым келеді. Сіздердің сұрақтарыңызды тыңдап, оған да жауап беремін», – деді Елбасы.

Қазақстан президентімен кездесуге Полшаның бұрынғы президенті – Квасьневский Александр, Хорватияның экс-президенті Месич Степан, 2007 жылғы әлемдік Нобель сыйлығының иегерлері Святослав Тимашев, Чунг Рае Квон, БҰҰ Экономикалық-әлеуметтік кеңес төрағасы Мусиева Шава Фредерик, «ДжейПи Морган Чейз Интернейшнл» корпорациясының төрағасы Френкель Джейкоб, Ресей ғылым академиясының вице-президенті Спицын Анатолий , Қытай Халық Республикасының бүкіләлемдік экономика орталығының директоры Даокуи Ли Давид, Жаһандық экономика институтының президенті (Оңтүстік Корея) Саконг Иль, Халықаралық өзара түсіністік жөніндегі іскерлік кеңестің президенті Тичанский Питер, «Джоинт Виенна Инститьют» директоры Перкинс Джон, «Жаһанданудың соңы» атты бестселлерінің авторы, Принстон университетінің профессоры Гарольд Джеймс , Колумбия университеті Жер институтының директоры Талеб Нассим Николас, «Бостан консалтинг тобы» директорлар кеңесінің төрағасы Бюркнер Ханс-Пол, Экономикалық мәселелер жөніндегі президенттің көмекшісі Әлихан Смаилов, Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов келді.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз