Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев халық әртісі Әлібек Дінішевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысының баспасөз қызметі Facebook желісінде кездесудің видеосын жариялады: президент пен атақты әнші “Люблю тебя, мой край родной” (сөздері — И.Назалевич, музыкасы — Г.Подэльский) әнін айтқан.
Сонымен бірге, мемлекет басшысы халық әртісінің Астана қаласы мен бүкіл тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу үдерістеріне куә болып, белсенді атсалысып келе жатқанын айтты.
“Мен Астананың мерейтойын атап өтуге үлес қосуды парызым деп білемін. Егемен еліміздің мәдениетін қалыптастыру кезінде сізбен бірге болғанымды мақтан етемін. Бұл жолда көптеген қиыншылықтар еңсерілді.
Қазір бәрі түбегейлі өзгерді, театрларға керемет жағдай жасалды. “Астана Опера” – соның жарқын мысалы. Оның сахнасында ән айту – зор қуаныш”, – деді Ә. Дінішев.
Бүгінгі кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев пен Әлібек Дінішев «Люблю тебя, мой край родной» әнінің (сөзі – И.Назалевичтікі, музыкасы – Г.Подэльскийдікі) үзіндісін айттыСегодня, по завершению встречи Нурсултан Назарбаев и Алибек Днишев совместно исполнили отрывок из песни «Люблю тебя, мой край родной» (слова И.Назалевич, музыка Г.Подэльский)
Gepostet von AkordaPress am Donnerstag, 1. November 2018