Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Нұрсұлтан Назарбаев Финляндияда Саули Ниинистёмен шағын құрамда кездесу өткізуде

Президенттер қызыл кілем үстімен резиденция қоршауына кірген соң ғимарат есігінің алдында естелік суретке түсті. Осыдан кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды. Келесі кезекте Финляндия басшысы Қазақстан Президентіне өз елінің Үкімет мүшелерін таныстырды. Мұнан кейін қос мемлекет басшылары Құрметті қарауылға ізет көрсетті.

Бұдан әрі Қазақстан делегациясы мүшелерімен танысу шарасы өтті. Елбасы Финляндияда Саули Ниинистёмен шағын құрамда кездесу өткізуде Елбасы Финляндияда Саули Ниинистёмен шағын құрамда кездесу өткізуде Нұрсұлтан Назарбаев фин Президентінің жұмыс резиденциясына кіргеннен кейін алдымен, құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырып, Сары бөлмеде салтанатты қабылдау шарасына қатысты, Саули Ниинистёмен бірге ресми түрде суретке түсті.

Елбасы Финляндияда Саули Ниинистёмен шағын құрамда кездесу өткізуде Қазіргі уақытта Қазақстан мен Финляндия Президенттері шағын құрамда кездесу өткізіп жатыр. Одан кейін болатын кеңейтілген құрамдағы кездесу барысында бірқатар құжатқа қол қою жоспарланған.

Естеріңізге сала кетсек, 16 қазан күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Финляндияға келіп, сапар аясында Елбасы фин бизнес капитандарымен кездесті.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Финляндиядан Қазақстан арқылы Қытайға жаңа теміржол бағдары ашылатындығын айтты және фин компанияларын еліміздің агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларды жүзеге асыруға шақырды.

Фин компаниялары үшін Қазақстанның туризм саласы да тартымды екені, ІТ-компанияларға да қолайлы жағдай жасалатындығы атап өтілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз