Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Нұрсұлтан назарбаев Брюссельдегі саммитте сөз сөйледі

Баршамыз өткен ғасырдың 60-жылдары орын алған Кариб дағдарысымен салыстыруға болатындай, экономикалық және саяси қарсыластықтардың куәсі болып жүрміз”, – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Әбішұлы АҚШ, Ресей, Қытай, Еуроодақ пен басқа да ірі мемлекеттерді саммит арқылы әлемдік қақтығыстарды шешуге шақыру керектігін алға тартты.

“Сирия, Украина және басқа да елдердегі жағдайды ретке келтірумен айналыспаса, мәселе қиындай түседі. Баллистикалық зымырандардың таралу қаупі жойылмайынша, халықаралық лаңкестік басты мәселе болып қала бермек.

“Екінші Дүниежүзілік соғыс пен басқа да қақтығыстардан кейін мемлекет басшылары бірге кеңесе отырып, лаңкестікпен күресудің ортақ жолын тапқан. Сондықтан мен барлық мемлекетті диалог орнатуға шақырамын. Келіссөздер үшін Астана алаңын пайдалануды ұсынамын”, – дейді Назарбаев.

Сөз қорытындысында президент Азия мен Еуропадағы жаһандық түйткілдерді шешуде Қазақстанның әріптестік орнатуға қашан да дайын екенін қайталап өтті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз