Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
3
USD
427
+0.13
EUR
497
+0.15
RUB
5.5
-0.03

Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Бейбітшілік қабырғасын ашты

Президент жиналған жұртты ертең елімізде аталып өтетін Конституция күнімен де құттықтады.

Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, жоба негізіне Нұрсұлтан Назарбаевтың “Əлем. XXI ғасыр” антиядролық манифесінің идеясы енгізілген. Сондықтан да нысан 29 тамыз – халықаралық ядролық сынақтарға қарсы əрекет күнінде ашылып отыр.

Атап өтсек, тура 27 жыл бұрын Қазақстан президентінің Жарлығымен Семей ядролық сынақ алаңы жабылған болатын. Бұл əлемдегі ең ірі ядролық қаруы бар елдің бірінің одан бас тарту процесінің басталуы еді.

Архитекторлардың ойынша, қабырға біртұтас біріктіріп, қорғап тұратын жапырақ тәріздес шатырды бейнелейді. Яғни, дәстүрлі түрік құрылтайының өнегесімен ұлттарды ұйыстырып, оларды бір шаңырақтың астына жинайды.

Металл мен табиғи тастан тұрғызылған кешен үш бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі – бөлшектеу мен оқшаулауды, екінші бөлігі – үміт, еркіндік пен тәуелсіздікті, үшіншісі -бейбітшілікті жəне ұлтаралық келісімді сақтау жолын бейнелейді. Монументтің жалпы ұзындығы – 111 метр, ені – 18,4 метр, биіктігі – 17,5 метр.

Бейбітшілік қабырғасының тұғыры жоғары төзімді темірден жасалған. Монументті тұрғызуға 1200 тонна гранит пайдаланылды. Мемориалда əлемнің 51 тілінде “Бейбітшілік” сөзі жазылған. Сондай-ақ, монумент LED жүйемен жабдықталған. Ол кез келген үлкен көлемдегі сандық дүниені экран арқылы таратуға мүмкіндік береді.

“Сол себепті аталған арт-нысан – саяси, мəдени-бұқаралық, ақпараттық шараларды, лазерлік жəне басқа шоуларды өткізетін орынға айналмақ. Құны 1,8 млрд теңге тұратын Бейбітшілік қабырғасы Ақтөбе облысы аумағында жұмыс істейтін компаниялар мен кәсіпкерлердің қаржысына салынған”, – деді Бердібек Сапарбаев.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз