Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Нұрлы жол” бағдарламасы: Екібастұзда 80 отбасы пәтер кілтін алды

134

Жаңа пәтерге қол жеткізгендер бағаның қолжетімділігін баса айтады. Егер нарықта қаладағы пәтердің бір шаршы метрі 115 мың теңгеден есептелсе, ал бұл бағдарлама бойынша ол – 90 мың теңге.

Екібастұз еліміздегі моноқалалардың ішіндегі ең ірісі саналады. Өндірісі өркендеген шаһарда тұрғын үйге сұраныс жоғары. Сондықтан «Нұрлы жер» бағдарламасымен тұрғын үй салуға осы қала үшін 2017 жылы 2 миллиард теңге бөлінген.

– Осы желтоқсан айының 13-і күні біз 9 қабатты 72 пәтерлі, сосын 9 қабатты 180 пәтерлі үйлерді тапсыру жоспарлануда. Сонымен қатар 5 қабатты 3 үйдің құрылысы жүріп жатыр. 2018 жылдың тамыз айында іске қосамыз, – дейді Екібастұз қалалық әкімдігі құрылыс бөлімінің жетекшісі Абай Кәрімов.

Үстіміздегі жылы 700 шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілсе, келер жылы оның көлемін 1800-ге жеткізу межеленген. “Нұрлы жол” бағдарламасы бойынша 2020 жылдарға дейін бұл өңірде 2,5 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Халқының саны 150 мыңнан асатын кеншілер шаһарында баспана мәселесі осылай біртіндеп шешімін тауып келеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз