Нұр-Сұлтан
Қазір
-10
Ертең
-11
USD
525
+1.07
EUR
553
+2.48
RUB
5.14
+0.13

Нұрлан Нығыматулин Чех Парламенті палаталарының басшыларымен кездесті

Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, Чехиямен өзара тиімді әрі жан-жақты қарым-қатынастарды дамыту – Қазақстанның сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі. Н. Нығматулиннің пікірінше, біздің елдеріміздің әсіресе, машина құрлысы, ауылшаруашылығы, технология, иннновация бағытындағы ынтымақтастығының әлеуеті зор және Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алдыңғы қатарлы цифрлық технологияларды енгізу тапсырмасына орай оның маңыздылығы бұрынғыдан арта түспек.

Осы орайда Н. Нығматулин Чех Республикасының зерттеу және инновацияны қолдау әрі реттеу бағытында арнайы қабылдаған Заңы қазақстандық парламентшілердің қызығушылығын тудырғанын жеткізді. Кездесу барысында тараптар бейінді комитеттер деңгейінде өзара ықпалдастықты тереңдетуге айрықша назар аударды.

Сонымен бірге, Мәжіліс Спикерінің айтуынша ЭКСПО – 2017 көрмесі орнына құрылған жасыл технологиялар мен инвестициялық жобаларды дамыту халықаралық орталығы, IT – стартаптар халықаралық технопаркі қазақстандық-чехтік өзара іс-қимылды күшейтудің зор мүмкіндігі. Тараптар халықаралық өзекті сұрақтарға да көңіл бөлді.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әсіресе, ядролық қарусыздану және таратпау төңірегіндегі маңызды бастамаларына тоқталған Н. Нығматулин Чех елінің БҰҰ аясында ортақ мақсаттарды ілгерлеткені үшін ризашылық білдірді.

Радек Вондрачек біздің еліміздің БҰҰ ҚК аясындағы жұмысына жоғары баға беріп, Қазақстан мен Чехияның тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау жолындағы қадамдарын атап өтті.
Одан әрі Н. Нығматулин Чехия Парламенті Сенатының төрағасы Милан Штехпен кездесіп, ынтымақтастықты нығайтудың маңызды бағыттарын талқылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз