Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
13
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Нұрлан Нығматулин: Жолдау міндеттерін қаржыландыруға нақты қадам жасалды

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Осы орайда, Мәжіліс Төрағасы еліміздің негізгі қаржы құжаты – үш жылдық бюджеттің мақұлданғанын алға тарта келіп: «Ең бастысы – бұл заң жобасында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы Жолдауында айтылған барлық тапсырмаларды қаржыландыруға нақты қадам жасалынды. Ендігі басты міндет – ол осы бөлінген әрбір тиынды дұрыс пайдалану керек.

Бұл – еліміздің тұрақты дамуына ықпал етіп, әрбір отбасының, әрбір шаңырақтың өмір сапасын күшейтуге жаңа серпін беретін болады»,-деді. Өйткені, бюджетте азаматтардың кірісін көбейтуге, білім, денсаулық саласын жақсартуға, сонымен бірге, халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге қатысты мәселелер қамтылған.

Сонымен қатар онда өңірлік, аймақтық инфрақұрылымдарды дамытуға басқа да маңызды салалар бойынша тиісті қаржы қарастырылған. Палата Спикері атап өткендей, Мәжіліс аталған тапсырмаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жұмыстарын одан әрі жалғастыратын болады. Сондай-ақ бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынатаев Жолдаудағы тапсырмалардың толықтай орындалатынына сенім білдірді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз