Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Нұрлан Нығматулин студенттердің мамандығы бойынша жұмыс таба алмай жүргенін айтты

Сондай-ақ Нұрлан Нығматулин қазіргі таңда білім беру мекемелері мамандарды нарық талаптарына сай дайындамай отырғанын ашық айтты.

«Себебі, кадрларға деген сұранысқа байланысты терең талдау жасалмайды. Білім беру бағдарламары қазіргі талапты толық орындамай отыр. Сол себептен студент жастарға оқуын бітіргеннен кейін мамандағы бойынша жұмыс табу қиын. Осы мәселені шешу үшін кадрларға деген мониторингінің тиімді жүйесін құру қажет деп есептейміз. Ол мемлекеттік тапсырысты дұрыс орындауға үлкен мүмкіндік береді», – деді Мәжіліс төрағасы.

Сонымен қатар ол елімізде шағын және орта бизнесті дамытудың маңызды екенін жеткізді.

«Қазіргі уақытта бизнес саласына тарту өте маңызды. Бұл жолда «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы жұмысты жүзеге асыруға болады. Бүгінгі таңда әсіресе ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытуды және ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуды көздейтін «Бастау» бизнес жобасы іске асырылып жатыр. Аталған жоба арқылы әрбір азаматқа жеке кәсібін ашып, оның дамуына жағдай жасалуда», – деді Нұрлан Нығматулин.

Сөз соңында Мәжіліс төрағасы тағы бір өзекті мәселеге тоқталды.

«Төртінші өнеркәсіптік революция жұмыс орындарының қысқаруына алып келеді. Осыған байланысты автоматтандыру және цифрландыру кезінде әлемде кейбір кәсіптердің 30%-ға жуығы қысқаруы мүмкін деген болжам бар. Бұл жолда еңбек ресурстарын басқару жүйесін қалыптастыру маңызды болып саналады. Осы жолда мемлекеттік органдар азаматтық қоғам, үкіметтік емес ұйымдар, кәсіпкерлер бірлесе жұмыс жасауы қажет. Себебі, азаматтардың өмір сапасын жақсарту баршамыздың ортақ мақсатымыз», – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз