Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Нұрлан Нығматулин депутаттарды орденмен марапаттады

211

Бүгін Мәжілісте Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өтті. Онда Мәжіліс төрағасы Елбасының атынан Палата депутаттары және Аппарат қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті, деп хабарлады ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Жиында Тәуелсіздік күнімен құттықтаған Мәжіліс спикері Қазақстанның әлемге беделді ел атанғаны Президенттің салиқалы саясаты мен оған қолдау көрсете білген халықтың береке-бірлігінің арқасында екенін атап өтті.

“Біздің тарихымызда 16 желтоқсан алтын әріптермен жазылған Ұлы күн. Себебі, 27 жыл бұрын, дәл осы күні Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кең байтақ Қазақстанымызды Тәуелсіз ел деп жариялады.

Жас мемлекетіміз алғашқы қиын кезеңдерден аман-есен өтіп, бүгінде бүкіл әлемге әйгілі, беделді ел атанды. Осының барлығы Президентіміздің салиқалы саясатының және қолдау көрсете білген халқымыздың береке-бірлігінің жемісі”, – деді Нұрлан Нығматулин.

Салтанатты шарада Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов “Парасат” орденімен, Мәжіліс депутаты Фахриддин Қаратаев II дәрежелі “Достық” орденімен марапатталса, Мәжіліс депутаттары Галина Баймахановаға, Берік Дүйсембиновке, Кәрібай Мұсырманға және Мәжіліс Аппаратының бөлім меңгерушісі Талғат Қасымбековке “Құрмет” ордені табысталды.

“Ерен еңбегі үшін” медалдарын Мәжіліс депутаттары Кеңес Абсатиров, Әлия Сапарова және Геннадий Шиповских, сондай-ақ, Мәжіліс Аппаратының бөлім меңгерушісі Патима Қиясбаева алса, Мәжіліс Аппаратының бөлім меңгерушісі Бибісара Аубакирова Құрмет грамотасын алды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз