Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
19
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Нұрлан мен Мұрат Үкімет басшысының көзіне түсіп, әнші болғандарын айтты (видео)

454

Сол кісі бір отырыста “Осы балалардың ән айтқаны маған ұнайды” депті. Сөйтсе қасындағы біреу: “Үй, бұл өзіңіздің інілеріңіз, Кіші жүздің балалары” деген ғой. “Ой, қайда, табыңдар оларды” деген. Ол кезде ол кісі Премьер-министр боп тұрған.

Ол кісі қатысқан бір тойға шақырды бізді. Мұндай мүмкіндікті қалай жібересіз? Қолдауыңыз керек деп ағаға жолықтық. “Жарайды, бір кісі хабарласады өздеріне” деді, болды!” ,- дейді Нұрлан.

Бұл әңгімені ары қарай жалғанған Мұрат атақты продюссерлер Бақыт Қилыбаев пен Ақтан Сүйіншәлиевтің алдынан қалай бір-ақ шыққандарын баяндап берді.

Барсақ, Бақыт Қилыбаев пен Ақтан Сүйіншәлиев отыр…

– Содан Таң телеканалы ішінде “Гражданы” дейтін Бақыт Қилыбаевтың продюсерлік орталығы болған. Соларға тапсырған ғой, ана жігітті табыңдар, раскрутка жасаңдар деп ақша береді. Біздің продюсеріміз Руша Нұрланды Ақтаудан, Мұратты оқып жүрген жерінен тауып алып, Алматыға алып келді. Барсақ, атақты продюсерлер Бақыт Қилыбаев пен Ақтан Сүйіншәлиев отыр. Ал әндеріңді айтыңдар деді. Гитараны да, домбыраны да ұстатты. Әніміз түк ұнамады оларға. Қабақтары түсіп кеткен. Ресейлік эстраданы көріп келген адамдар ғой…

https://kaz.365info.kz/bildirtpejmin-myrat-khozhanyn-birinshi-ajeli-khandaj-syryn-ajtty-foto-263314

Содан отырды да рэп айтасыңдар ма деді. Екеуміз бір-бірімізге қараймыз, рэбі несі құрысын деп қоямыз. Қазақтарда рэп болушы ма деп қоямыз тағы да. Олар да қамшылап қоймайды. Рэп оқышы, рэп оқышы дейді. Содан алдында орындаған термемді рэпке ұқсатып “сойып” шықтым. О, деп екеуі шалқасынан түсті. “Бітті, рэп айтасыңдар екеуін” деді. Біз аң-таңбыз. Әлі ойланып тұрмыз. “Таңертең тұрып, жұлдыз болғыларын келсе, біздің айтқанымызды істейсіңдер” деді. “Ойбай, иә”, деп екеуміз басымызды шұлғи кеттік.

Осы арада әңгімеге араласқан Нұрлан екібөлмелі үйге ие боп қалғандарын да айтты.

Бір күнде жұлдыз боп шыға келдік

– Содан сол арада екеуімізге екі бөлмелі үйдің кілтін, жалақы, одан соң “сотовыйдың” жаңадан шығып жатқан кезі, телефон берді қолымызға. Міне, кеше ғана автобусқа 90 теңге іздеп жүрген біз ертеңінде қалтада ақша, белде сотовый, қолда үйдің кілті – шалқайып кетіп барамыз.

https://kaz.365info.kz/andaj-s-lu-m-rat-ozha-z-jeline-zi-tamsanyp-zh-r-235541

Бір-бір жарым айда клип түсірдік. Сол Таң телеканалы ішінде бір бөлмеде. Бір-ақ камерамен, үстімізде бір киім. Бір жарым аптадан соң клипті алып келді. Ішінде пойыз, тағы бірдемелер жүр, кадрлар қосып қойған ғой. Енді ондай Қазақстанда жоқ ол кезде. Содан ол клип Таң телеарнасынан ұдайы берілді. Сөйтіп бір күннің ішінде танылып шыға келдік. Таскиге отырсақ та, базарға барсақ та адамдар танып жатады…

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз