Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
2
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Нұрлан Еспановтың әйелі аты жаман дертке шалдығып қалды

123

“Алла сынақты төзе білетін адамға жібереді. Қазір ақырындап қиын сынақтан өтіп жатқан жайымыз бар. Баратын жерге барып емдетіп жатырмыз. Қазір келіншегімнің көңіл-күйі өте жақсы. Алла осындай сынақ жіберген соң, Корей еліне барып қайттық. Бала-шағамыз кішкентай болғаннан кейін кішкене қорықтым. Соңғы кезде тіл-көз дегенге сенетін болдым. Бұрын өзім орыс тілділердің арасында өсіп, орыс мектебінде сабақ бергендіктен, мұндайға назар аудармайтын едім. Кезінде молдаван, украин, гректермен көрші тұрып, сәлемім түзу болды. Келіншегім ауырғалы, терең ойлана бастадым. Кореядан кейін жағдайы өте жақсы”, – дейді Нұрлан Еспанов.

Жарты жылға созылған емделу үрдісі толығымен аяқталса да, әншінің жұбайы әлі күнге дейін қымбат дәрілер қабылдап жүр. Нұрлан Еспановтың дәл осындай жағдайға тап болған жандарға өз айтары бар екен.

“Бастысы шаршамау керек. Ең бірінші кезекте білікті мамандарға қаратып, дұрыс диагноз қойдырып алу қажет. Оның үстіне әлдеқайда дамыған мемлекеттер адамның қадір-қасиетін жақсы түсінеді екен. Қарапайым адамға менсінбеушілік танытпайды. Соларға бір тексеріліп алып, келіп дәрілерін ішіп жүрді. Қазір пештің жанында теріс қарап жатып өліп қалатын заман емес. Қымбат екен деп қамсыз жата беруге болмайды. Барлығына ем бар. Ем болмаған жағдайдың өзінде тырысып көру керек. Ерлі-зайыпты болған соң, бір адам үшін барлығы уайымдайды. Қанша қаражат кеткенін айтып мақтанғым келіп отырған жоқ”, – дейді әнші.

Жүрегін жаралаған мұңын алғаш рет айтқан әнші соңғы кездері эфирде көрінбей кетуінің себебін осылай түсіндірді.

“Бір жыл көлемінде эфирге шықпай қоюымның себебі осы болды. Осы тақырыпқа қатысты ешбір телеарнаға сұхбат бермей қойдым, қыдырмадым, ешкімнің хатына жауап жазбадым. Кім не ойласа да бәрібір болды. Басыма мынадай сынақ келген кезде, қалай ғана жайбарақат жүре аламын. Оның үстіне бала-шағамыз өсіп қалды. Ертең “Анам қатты ауырған кезде әкем жүгірмеді” деп ренжуі мүмкін. Жақсы көретін әйелім болғандықтан, толықтай емделуі үшін барымды салдым. Бес ай көлемінде той-томалаққа да бармадым, той да жүргізбедім. Күйзелістен енді ғана шығып жатырмын. Аллаға шүкір бала-шағамның да, әйелімнің де жағдайы жақсарып қалды”, – дейді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз