Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Нұрлан Еспанов өнердегі інілерінің не себепті әйелдерін жасыратынын түсіндірді

Толқын есімді қыздың ұзатуында түсірілген бірлі-екілі сурет болмаса, Ұлы дала баласының әлі күнге дейін үйленген не үйленбегені белгісіз.

Бұл ретте Нұрлан Еспанов 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына берген сұхбатында жұбайларын жасыратын жастарды жақсы түсінетінін айтып, олардың не себепті мұндай қадамға баратынын түсіндіріп берді.

«Шынын айтқанда, басында үйленген кезде сондай болады. Біздің уақытымызда әлеуметтік желі болмады. Біздің үйленгеніміз ешкімге қызық болмай қалды ғой енді.

Ернар, Қайрат, Төреғали қазақ эстрадасында өзіндік орны бар жұлдыздар. Қазірше, жасырады ғой. Біздің жасымызға келгеннен кейін, ертіп жүреді, көресіздер. Сол күнге Құдай жеткізсін, дегім келеді оларға», – дейді Нұрлан Еспанов.

Өнердегі інілерінің әрекетін жақтаған Нұрлан Еспанов бұл жағдай менің де басымнан өткен деп ақталды.

«Бірақ енді той деген қызық дүние, той – елдің қазынасы. Қазір еркелік басымдау болып тұр. Елдің ерке азаматтары еркелеп жүрген болар. Еркелесін, рұқсат берейік. Көрсетіп, бағдарламаға алып келетін болады, мен оған кәміл сенемін. Өйткені оның бәрі менің басымнан өткен. Сол себепті барлығына сәттілік тілеймін», – деп түйіндеді сөзін ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз