30 наурыздан 5 сәуірге дейін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы кәсіпорындардың көбі өз қызметін тоқтатады.
«Мемлекеттік комиссия коронавирус инфекциясының таралуын шектеу мақсатында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында биылғы 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын қоспағанда, меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысын уақытша тоқтату туралы шешімді бекітті. Толық тізім қалалардың әкімдіктерімен келісе отырып анықталады», — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта Қазаұстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 124 жағдай тіркелген. Бір адам қаза болды, екеуі сауығып шықты.