Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Нұр-Сұлтан қаласы COVID-19 жұқтырғандардың саны бойынша бірінші орынға шықты

157
Сурет: kachaf.com

Ресми деректер бойынша 23 маусымда Қазақстанда COVID-19 жұқтырған жаңа 534 жағдай тіркелді. Бұл – рекорд: эпидемияның басынан бастап тәуліктік өсім ешқашан  мұншалықты жоғары болмады. Вирус жұқтырғандардың ең көбі  Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді –  77 жағдай. Соңғы 10 тәуліктің ішінде астана осымен сегізінші рет осы көрсеткіш бойынша елдің басқа аймақтарының алдына шықты. 14 маусымда

Нұр-Сұлтанда 801 оқиға тіркелді – бұл жалпы республикалық көрсеткіштің 19%-ына жуық

Нәтижесінде Нұр-Сұлтан COVID-19 тіркелген фактілер саны бойынша республика қалаларының арасында бірінші орынға шықты. 13 наурыздан бастап мұнда барлығы 3484 факті анықталды. Алматының көрсеткіші – 3470. Сондай-ақ 12 сәуірден бері алғаш рет елордада анықталған вирус жұқтырғандар саны  оңтүстік мегаполиске қарағанда  жоғары болды. Яғни, екі айдан астам Алматы «көшбасшы» болса,  қазір эпицентр елордаға көшті.

Ауру белгілері жоқтардың саны 12 мыңға жуықтады

Дегенмен, бұл статистика жалпы көріністі нақты көрсетпейді. 6 маусымнан бастап ауру белгілері жоқ, бірақ коронавирусты жұқтырған қазақстандықтар жалпы статистикада есепке алынбайды. Олар бойынша  деректер жеке жүргізіледі.

Бұнда Алматы әзірге Нұр-Сұлтаннан алда келеді. 23 маусым қорытындысы бойынша елордада 1197 симптомсыз тасымалдаушы анықталды, Алматыда – 1311 (Қазақстан бойынша барлығы – 11 721). Алайда екі қаладағы көросеткіш Қарағанды (1628 оқиға) және Атырау (1521 оқиға, оның ішінде 335-і соңғы тәулікте) облыстарынан әлдеқайда төмен.

Жалпы Қазақстанда симптомсыз вирусты тасымалдаушылар санының айтарлықтай өскені байқалады. 23 маусымда осындай 1096 факті анықталды – бұрын мұншалықты көп болған емес. Нәтижесінде

бір тәуліктің ішінде республикада ресми түрде 1630 адамның коронавирусты жұқтырғаны тіркелді (ресми жағдайлар + нышансыз тасымалдаушылар)

Бұл  – абсолютті рекорд. Статистикадан вирустың күннен-күнге жайылып, тарап жатқанын көріп отырмыз. Алдағы уақытта елімізде жаңа карантиндік шектеулер енгізілуі де мүмкін.

Қарағанды облысындағы жағдай

Алматытағы бір параметр – белсенді вирус жұқтырғандар (емделіп шықпаған және өлемеген) саны  бойынша көшбасшылықты сақтап тұр. 23 маусым қорытындысы бойынша қалада 1270 адам бар.  13-күн қатарынан олардың саны артуда.

Оңтүстік мегаполис CОVID-19 вирусын жұқтырғандар саны азайғанымен емделіп шыққандар да аз болып отыр.

Соңғы төрт тәулік ішінде Алматыда ауырдан емделіп шыққандар саны бар-жоғы 5 адамға артты, ал соңғы 3 күн ішінде мүлдем жазылмаған

Егер ауру белгілері байқалмағандарды бірге есептейтін болсақ, Алматыда 2581 коронавирусы расталған адам болар еді.

Таңқаларлық, бірақ бұл рекорд емес. Қазіргі уақытта вирус анықталған  адамдардың басым бөлігі (белсенді науқастанғандар +нышансыз тасымалдаушылар) Қарағанды облысында тіркелген. 24 маусымдағы жағдай бойынша олардың жалпы саны 2660 адамды құрайды, яғни белсенді коронавирусы бар әрбір жетінші қазақстандық қазір шахтерлік-металлургия аймағында тұрады. карантин енгізілгеннен бері 951 адам сауығып, 10 адам қайтыс болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз