Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Нығматулин Үкіметті отандық бизнесті баға демпингінен қорғауға шақырды

Қанша жыл айтып келе жатырмыз? Бірақ үкімет те, ұлттық банк те бір қадам жасаған жоқ. Тіпті демпинг біздің ішкі конкурстық рәсімдерге де еніп кетті. Құрылыста, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, өзге де салаларда байқалады.

Адал жұмыс істемейтін мердігерлер демпингтік баға бойынша келісім жасайды да, одан кейін өз міндеттерін орындамақ түгіл, қосымша қаражат талап ете бастайды. Осыдан барып жұмыс та, бүкіл қызмет бағасы қымбаттайды”, — деді Нығматулин мәжілістің жалпы отырысында.

Төрағаның айтуынша, осындай жағдай қазір елімізде кеңінен белең алып отыр.

“Үкімет, оның ішінде бірінші кезекте қаржы министрлігі мен ұлттық экономика министрлігіне нақты ұсыныстар енгізетін уақыт жетті. Мемлекеттік сатып алулар кезінде демпингке қарсы қатаң шаралар тетігін енгізу қажет. Келісесіздер ме?”, — деп сұрады Нығматулин министрлерден.

“Онда іске кірісу керек қой?! Бас шұлғуға келгенде белсендісіздер, ал жұмысты сылбыр істеп жатырсыздар”, — деді төраға.

Нығматулин отандық бизнесті қорғау қажеттігін айтты. Тіпті болмаса, бұл мәселені заңды түрде реттеу керек.

“Қажет болса, заңсыз бәсекелестікпен заңды түрде күресуіміз керек. Бұл жұмыстан депутаттар да шет қалмауы тиіс. Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті үкіметтегі әріптестерімізбен бірлесе жұмыс істейік”, — деп түйді сөзін Нығматулин.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз