Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
21
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Нурмагомедов МакГрегормен бокс ережесі бойынша жұдырықтасуға келісті

120

Бұл мәліметті “Известия” басылымына Хабибтің әкесі әрі бапкері Абдулманап Нурмагомедов хабарлаған.

“Конормен бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізуге қатысты айтатын болсақ, ондай жекпе-жек біз үшін қызық. Хабиб аралас жекпе-жектегі ең үздіктерді жеңе алатынын көрсетті. Ол бұл жөнінде бұған дейін де айтқан, бірақ көп ешкім сенген жоқ. Алайда Майкл Джонсонды, Эдсон Барбозаны, Конорды жеңгеннен кейін сене бастады”, – деді ол.

Еске сала кетейік, 6 қазанда Лас-Вегаста өткен жекпе-жекте Хабиб Нурмагомедов чемпиондық атағын қорғап қалды. Ол МакГрегорды тұншықтыру әдісімен төртінші раундта жеңді. Бұл жеңісінен кейін ол кіші-Флойд Мейвезерді жекпе-жекке шақырды. Америкалық спортшы ұсынысты қабылдап, өз талаптарын қойды. Алайда МакГрегор 2017 жылы Мейвезермен бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізген. Ол кезде ирландиялық спортшы техникалық нокаутпен оныншы раундта жеңілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз