Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
6
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
6.04
0.00

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Атырауға іссапармен келді

207
Өз кезегінде «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек:

«Партия алдағы 5 жылда өңірде кемінде 100 мың жұмыс орнын ашуға, 10 жаңа денсаулық сақтау нысанын, 11 мектеп пен 56 балабақша салуға уәде берді. Сондай-ақ, әлеуметтік мұқтаж азаматтарға 7 мың пәтер берілмек, ол үшін шамамен 3,5 млн. шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда.

Өңір тұрғындары үшін тағы бір маңызды мәселе – экология. Бұл ретте «Nur Otan» ластаушы шығарындылар көлемін 12%-ке төмендету үшін бірқатар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды жаңғырту міндетін қойып отырғанын» айтты.

Бұдан соң қоғамдық ұйым өкілдерімен, паралимпиадалықтармен және басқа да ерекше қажеттілігі бар белсенді азаматтармен жүздесті.

«Өздеріңіз білетіндей, Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен «Nur Otan» 2014 жылдан бері «Кедергісіз келешек» жобасын жүзеге асырып келеді. Осы жобаның арқасында елімізде ерекше қажеттілігі бар 40 мың азамат жұмысқа орналасып, 24 мыңнан астам нысан қайта бейімделді, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептерде инклюзияны қолдаудың 57 бөлмесі ашылды.

Таяудағы 5 жылда ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін тағы 22 мың әлеуметтік инфрақұрылым нысанын бейімдеу жұмыстары жалғасын табады.

Сондай-ақ, ерекше қажеттілігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру, қоғамда ынтымақтастық ахуал қалыптастыру бойынша жұмыстар жалғасады. Жұмысқа орналастыру, психологиялық және құқықтық көмек көрсету мәселелері жөніндегі орталықтар ашу жоспарлануда. Жұмысқа орналастыру квотасын орындамайтын жұмыс берушілер үшін өтемақы төлемдері енгізіледі, ол ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын құруға бағытталады.

Тұрақты күтімді қажет ететін және жеке көмекшінің қызметін пайдаланбайтын барлық бірінші топтағы мүгедек азаматтарға қосымша әлеуметтік жәрдемақы ұсынылады. Бұл ретте 2025 жылға қарай мүгедектігі бар мұқтаж азаматтар 100% техникалық құралдармен және оңалту қызметімен қамтамасыз етіледі»,- деп, Бауыржан Байбек өз сөзінде атап өтті.

“Nur Otan” партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз