Халықтың бірлігі мен қоғамдық келісім-Қазақстанның табысты дамуының сенімді іргетасы.
Ауданның мәдениет саласы қызметкерлерімен кездесуде аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Бегіндік Әбілов: “Nur Otan” партиясы “Бақытты отбасы” партиялық жобасын жүзеге асыруға, түрлі акциялар, спорттық іс-шаралар өткізуге ықпал етеді, отбасының рөлін арттыру және отбасылық құндылықтарды нығайту, Егіндікөл ауданының көрнекті тумаларының мұрасын танымал ету, ұлттық бірегейлікті қалыптастыруды жалғастыру және ұлттың мәдени кодын сақтау, мемлекеттік тілді танымал ету, қолдану аясын кеңейту, Қазақстан халқының тілдерін дамыту жөніндегі жобаларды іске асыруға ықпал ететіндігін айтты.
Бірлікті, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді нығайту бойынша этномәдени және діни бірлестіктерге белсенді қолдауды жалғастыру жоспарлануда. Ауданның киелі және айтулы жерлеріне өлкетану экспедициялары, киелі орындарын абаттандыру жалғастырылады: Бектемір Суфудың ежелгі кесенесі, Буревестник ауылынан 25 шақырым жерде орналасқан қорған.
“Nur Otan” партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің өркендеуіне және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатына жұмыс істеуді жалғастырады.
Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Бегіндік Әбілов кездесуге қатысушыларға 10 – қаңтарда сайлау күні өзінің сайлау учаскесіне келіп, “Nur Otan”партиясына өз дауысын беру туралы өтініш білдірді.
Ақмола облысы Егіндікөл ауданының “Nur Otan” партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді