Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
6
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
6.04
0.00

«Nur Otan» нақты істердің партиясы! Біз біргеміз!

234

Берік Әбдіғалиұлы сайлаушыларды «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
– Өйткені бұл партия нақты істер мен жетістіктердің партиясы. «Nur Otan»-ға деген халықтың ықыласы бөлек. Отыз жылға жуық уақыттан бері сенімді және көш басында келе жатқан партия екенін дәлелдеп отыр, – деді өз сөзінде.

Жүздесу барысында Берік Әбдіғалиұлы «Рухани жаңғыру» бағдарламасына, мәдениет ескерткіштерін қайта қалпына келтіру мәселесіне, ұлттық мәдениет пен ұлттық кодтың сақталуына кеңірек тоқталды. Келешек ұрпақ өзінің кіндік қаны тамып, туып-өскен жерінің тарихын білуі тиіс деді жазушы. Республикалық сайлауалды штабының мүшесі биыл негізі қаланғанына 175 жыл болған Атбасар қаласының тарихы жайлы әңгімеледі. Бұл қаланың аты көптеген тарихи құнды деректерде кездеседі. Атбасарда ерекше тұлғалар өмір сүрген, революциялық қозғалыстың тарихы бастау алған, атбасарлық уездік милициясы құрылған және тағы да басқа маңызды оқиғалар орын алған. Жазушы өткенді жаңғыртып, музейлерде жаңа экспозиялар ашу керектігіне тоқталды. Басқа қалалардағы музейлер мен архивтерден Атбасар қаласы жайлы деректерді іздеп тауып, өлкетану музейінің қорын одан сайын толықтыра түсу қажеттігін атап өтті.

Мұнан соң жазушы әрі тарихшы Берік Әбдіғалиұлы кездесуге келгендерге өзінің «Войско Алаш орды» және «Забытые Герои Советского Союза» атты орыс тіліндегі екі кітабын тарту етті.

Берік Әбдіғалиұлы өз әңгімесін қорытындылай келе, «Nur Otan»-ға дауыс беруге шақырды. «Nur Otan»-мен қиындықты бірге еңсеріп, жеңіске жетеміз деп сендірді!

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Атбасар ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз