Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Әнші Асхат Тарғын қазаққа жат образдағы “NinetyOne” тобымен күреспек

Бұл жазба пайда болысымен, әлеуметтік желіні пайдаланушылар ду ете түсті. Бірі бұл ұсынысты қолдаса, бірі оны айыптап, өзін сынап, сыбап тастады.

“… Сізді тойларға ғана шақырады. Жастарға жол беріңіздер. Заманмен бірдей аяқ басыңыздар. Сіздердің тыңдармандарыңыз – 40-70 жастағылар” деп онда NinetyOne тобы жинаған жанкүйерлер көлемі жоқтығын бетіне салық етті.

Ал тағы бірі бәсекелестікке елді араластырмай, өз өнерін дамытсын деген ақыл да айтты. “Демократиялық мемлекетте əр адам қалай киінгісі, қалай жүргісі келетінін өзі біледі. Өзіңізге де осылай қақпақ болса ұнар ма еді?» деді жазба иесі. Дегенмен аты аталып, түсті түстелген топтың қазаққа жат образын кезекті рет сынағандар да табылды.

Еске салайық, “NinetyOne” тобының жетекшісі «Орда» тобының мүшесі Ерболат Беделхан. Өзіндік стилі бар квартет құрылған күннен бастап-ақ көпшіліктің сынына ұшырап келеді. Дегенмен, бұл оларға жанкүйерлердің жүректерін жаулауға, отандық және шетелдік түрлі хит-шерулердің алғашқы орындарынан көрінуге кедергі келтіріп отырған жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз