Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Новосібірден Шымкентке бара жатқан жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

133

РФ Новосібір облысының Коченев ауданында Новосібірден Шымкентке бара жатқан жолаушы автобусы Foton жеңіл көлігімен соқтығысып, алты адам зардап шекті.

Барлық зардап шеккендер Коченев аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Оқыс оқиғадан автобустағы бес жолаушы және жүргізуші зардап шеккен.

Жалпы автобуста 46-47 адам болған.

Оқиға орнына жеткен полиция инспекторлары, өрт сөндіру қызметі, аудандық әкімшілік өкілдері қазақстандықтарға барынша көмек көрсетті. Жолдағы қонақүйлердің біріне жолаушыларды орналастырып, басқа автобуспен Шымкентке аттандырған.

РФ ТЖМ Новосібір облысы бойынша Бас басқармасының мәліметіне қарағанда, жолаушылардың барлығы – Қазақстан азаматтары. Қазір жол апатының себептері анықталып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз