Олар екі ел арасындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры, генерал-майор Дархан Ділманов Ресей Федеральды қызметі директорының бірінші орынбасары – Шекара қызметінің басшысы армия генералы Владимир Кулишовпен кездесті деп хабарлады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметі.
Күн тәртібі бойынша Қазақстан – Ресей арасындағы шекараны келісіммен күзетуге көшудің, сондай-ақ жедел-іздестіру қызметі аясындағы ынтымақтастықтың маңызды мәселелері қаралды.
Сонымен қатар тараптар бақылау-өткізу бекеттеріндегі жағдайды, біріккен шекаралық бақылау туралы шешімді жүзеге асырудың жай-жапсарын талқылады. Қазақстан мен Ресейдің шекарашыларының Каспий аймағындағы өзара ынтымақтастық қарым-қатынасын талқылау да назардан тыс қалмады.
Генерал-майор Дархан Ділманов пен армия генералы Владимир Кулишов кездесуді қорытындылай келе, бұл кездесудің екі жаққа да өте пайдалы болғандығын, алдағы кезде екі мемлекеттің шекара ведомстволарының ынтымақтастық қарым-қатынасына жаңаша серпін беретіндігін атап өтті.