Қазақстанның қазіргі халқының “қарапайым халық санатында” қалып қойғандары әділетсіздіктен әбден шаршаған. Ақша мен тамыр-таныстық, сыбайластық билеген жерде әділдік қайдан болсын?! Қыл аяғы “әдемі нөмірлерге” дейін ашық сатылатын заң қабылдап алып, барған сайын былыққа батып-ақ жатыр бұл қоғам.
Мына бейшара бойжеткен жылап отыр. Мұңын қайда шағарын білмей, Instagram-дағы мына парақшада былай дейді:
Ол мас болған. Бірақ екі күннен кейін оны судья Джарилгасова М. үйқамақта болсын деп бостандыққа жібере салды.
Бұл қалай? Мас күйінде рөлге отырып, адам қағып, тоқтамай қашып кеткен жүргізушіні неге жібере салады?
Әділдік қайда? Бұл неғылған заңдар? Әкем жоқ, іні-сіңлім де жоқ, жалғыз анам ғана бар еді. Енді анамды арулап жерлеудің орнына судьяның қаулыларына шағымданумен әлекпін?
Неге?
Оны кешірейін деп едім. Өйткені туыстары шығып, төрт баласы бар, үйдегі жалғыз асыраушы деп жылап келген. Ол жұмыстан шаршап келе жатты деген.
Сөйтсем, қайдағы жұмыстан шаршап? Ғабитіміз гулянкада болып, түні бойы ішкені аздай, көлігіне мініп жылдамдықты асырған жауапсыздың өзі екен.
Мен енді оны кешірмеймін! Осы постым жариялансыншы, біздің еліміздегі әділдіктің қандай екенін бәрі көрсін!” –
делінеді жазбада.
https://kaz.365info.kz/torteuinin-bireui-gana-tergeushiler-saryagashtagy-7-zhasar-bala-zorlygy-isin-tergep-bitti-video-326511
https://kaz.365info.kz/aj-erlan-aj-akesin-ajyppyldan-khytkharmakh-bolgan-shymkenttik-politsej-maskhara-boldy-video-18-326526