Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Нижаттың алтын алғанын көріп, Әзірбайжан елі бармақ тістеп отыр

144

Нижат Рахимов жаттықтырушы әкесімен бірге

Біздің медиа-портал да azerisport.com сайтындағы бұл сұхбатты сол қалпында аударып бергенді жөн көрді.

“Мені дұрыс түсініңіздер, мен өз баламның еш тәртіп жоқ, спортшылары ішіп, темекі шегетін, керексіз істермен айналысатын команда сапында өнер көрсеткенін қаламаймын. Мұндай жаман ортада Нижаттың көрсеткіштері төмендеп, ол бейшара боп қалар еді.

Бұл арада барлығына кінәлі – Әзірбайжан құрамасының бас жаттықтырушысы Златан Ванев.

Ел құрамасының бас бапкері қалай мұндай анархияға жол беріп қояды, мүлдем ұқпаймын. Нижат 2010 жылы жасөспірімдер арасындағы Олимпиаданың чемпионы болды, ол құраманың болашақ көшбасшысының бірі еді. Бірақ өткен жылы оның көрсеткіштері төмендей бастады. Сол кезде онымен өзім айналыса бастадым.

Жастар арасындағы әлем біріншілігінде ол екінші болды.

Мен қалтамнан ақша шығарып, Перуге өзім баруға дайын болдым, бірақ федерация өкілдері менің төлқұжатымды алып, алдап кетті. Ал соңғы күні билет сатып ала алмадық дей салды.

Мен Ваневтің жаттығуларына қатысып көргенмін, ол ешкімді жан беріп дайындамайды. Тіпті, спортшылар жаттығу кезінде ұйықтап жатады. Осының бәрі Нижатқа кері әсер етті, сөйтіп ол универсиадада нашар өнер көрсетті.

Содан кейін оны Исламиада мен жастар арасындағы Еуропа біріншілігіне алмай қойды.

Сол кезде мен федерация өкілдеріне құраманы Ванев басқарып тұрғанда Нижат енді Әзірбайжан үшін өнер көрсетпейді деп кесіп айтқанмын. Бұл бапкер тек өз жігіттеріне, болгар атлеттеріне ғана жағдай жасайды, оған әзірбайжан штангышыларымен жұмыс істеген тиімсіз.

2015 жылы жастар арасындағы әлем біріншілігінде алған алтыны

2015 жылы жастар арасындағы Әлем біріншілігінде алған алтыны

Мен Нижат кетеді дегенде, федерация өкілі Ескендір Аскеров „Грузияны байқап көр„ – деді.

„Нижат кетті„ деп ешкімнің іші ашымады, сол мені күйіндірді. Соған қарағанда, жергілікті спортшылардың жағдайы ешкімді қызықтырмайтын секілді.

Мен әртүрлі федерациямен сөйлесіп көрдім, ақыры таңдау Қазақстанға түсті. Халил Мутлу және Наим Сулейманоглымен жұмыс істеген белгілі бапкер Анвар Тюркелери Нижаттың әлеуетін жоғары бағалады.

Мен ұлымның Қазақстан құрамасы сапында қашан өнер көрсететін білмеймін. Бастысы, Нижаттың Әзірбайжан құрамасы сыртында қалғаны өте өкінішті, бірақ ондағы бассыздық жағдайда қалыпты спортшының өзі үлкен көрсеткіш көрсете алмайды”, депті Нижаттың әкесі.

Қазақстан құрамасы сапында Олимпиада алтынын алған Нижаттың қуанышты сәті

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз