Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Ниццадағы мерекеге жиналған қауымға шабуыл. Теракт хроникасы (видео)

БАҚ-тардың мәліметінше, оқиға жергілікті уақыт бойынша 22.30-да болған. Осыдан кейін жүк көлігіндегілер адамдарға оқ жаудырған. Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнында жарылыстар естілген. Алдында мұны адамдар петарда деп ойлап қалған. Одан кейін барып, „теракт„ деп жиналған қауым жан-жаққа қашқан. Жергілікті билік Ницца тұрғындарын үйден шықпауды сұрап отыр.

Басында теракт кезінде 10 адам мерт болды десе, бүгін оның саны 80-ге жетіп отыр.

Ниццада терактінің орын алуына байланысты Францияда жарияланған төтенше жағдай үш айға созылды.

Соңғы мәлімет бойынша, мерекені тойлауға жиналған қауымға қойып кеткен көліктің жүргізушісінің аты-жөні анықталып та үлгеріпті. „Ол Ниццада тұратын Тунистен келген 31 жастағы ер адам„ деп хабарлайды Nice Matin.

Кейбір басылым Ниццадағы терактіні ДАИШ содырлары өз мойынына алды деп жариялағанын айтады.

https://www.youtube.com/watch?v=Hy_O5829YfI

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз