Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
2
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Ниғматулин уәдесінде тұрды. Қазақстан журналистері “Парламент сөзі” сыйлығымен марапатталды (фото)

233

Осы орайда Мәжіліс төрағасы Парламент жұмысын көрсетуге еңбек сіңірген тілшілер қауымына барлық депутаттардың атынан алғысын білдірді.

«Бұл ауыр әрі жауапкершілігі зор маңызды қызметте сіздерге тек қана шығармашылық табыстар тілейміз»,-деді Нығматулин.

Биылғы жылы «Парламент сөзі» сыйлығы алғаш рет тапсырылды.

Парламенттік сыйлықпен палата депутаттарының заң шығару қызметін теледидар, мерзімдік баспасөз беттерінде және ақпараттық агенттіктер мен радиода үздік жазып, көрсеткендер марапатталады. Сонымен қатар, Қазақстан парламенттік журналистикасының дамуы мен өркендеуіне үлес қосқандар да ескерілді. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин өткен сессияның аяғында журналистерге арналған сыйлық белгілеу бойынша Мәжіліс Бюросының шешімін жариялаған болатын.

«Бір жыл бұрын осы залда кездескен кезде мен депутаттардың атынан сіздерге уәде берген едім, яғни жыл сайын БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесінің алдында Мәжілістің жұмысын толық көрсеткен үшін бірнеше аталымдар бойынша сыйылықтар ұйымдастыратынымызды айттым. Міне, бүгін бұл уәдені орындап жатырмыз. «Парламент сөзі» деген атаудың үлкен мағынасы бар. Себебі сөзге тоқтау, сөзді бағалау мен қадірлеу ата-бабаларымыздан келе жатқан қасиетті жол»,-деді ол.

Аталған сыйлық аясында 6 аталым бойынша марапаттау жүргізілді. Жалпы, осы аталымдарға қатысуға 80-ге жуық өтінім келіп түскен. Жеңімпаздарға дипломдармен қатар, арнайы дайындалған эсклюзивті мүсіншелер де тапсырылды.

Сонымен, «Парламенттік журналистикаға қосқан үлесі үшін» аталымында көрнекті жазушы, белгілі журналист, білікті аудармашы Сарбас Ақтаев марапатталды.

Сонымен қатар осы аталымдағы сыйлық танымал журналист Юрий Тараковке де тапсырылды.

«Үздік телевизиялық сюжет» аталымында «Хабар» телеарнасының тілшісі Асхат Ниязов пен «Қазақстан» телеарнасының тілшісі Индира Асанова лауреат деп танылды.

«Үздік баспа жарияланымы үшін» аталымында «Казахстанская правда» газетінің парламенттік шолушысы Лаура Түсіпбекова мен «Айқын» газетінің тілшісі Айхан Шәріп жеңімпаз атанды.

«Үздік интернет және радио материал үшін» аталымында сыйлық Қазақ радиосының ұжымы мен («Zakon.kz») Оксана Скибанға берілді.

Сонымен қатар «Арнайы репортаж» аталымында лауреаттар болып «Информбюро» ақпараттық порталының тілшісі Игорь Мосунов, «Астана» телеарнасының тілшісі Айгүл Шайхимова және «Хабар 24» жаңалықтар қызметінің ұжымы аталды.

Мұнымен қоса, «Парламент сөзі» сыйлығының «Үздік видео және фото материал» аталымында «КТК» телеарнасының операторы Владислав Воднев пен «Егемен Қазақстан» газетінің фототілшісі Ерлан Омаров марапатталды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз