Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Несие алудың жаңа әдісі іске қосылды

Оның айтуынша, жаңа өнімге қажетті алғашқы жарнаны қолма қол ақша төлеу арқылы немесе сатып алушыға тиесілі жер телімдері, техника, тұрғын үй, көліктерді кепілге қою арқылы қол жеткізуге болады.

Жаңа несие бағыты қазіргі күні отандық диқандар арасында үлкен сұранысқа ие. Себебі биылғы жылдың 3 ай ішінде бізге техника алу үшін 300 млн. теңгенің өтінімі келіп түскен. Бұл тек тіркелгені ғана, бұдан өзге де көптеген ауылшаруашылығы тауар өндірушілері қажеті құжаттарын жинап жатыр дейді,- Айжан Кенжебаева.

Ақмола облысы Астрахан ауданындағы «Болашақ» несие серіктестігінің төрайымы Бағила Бұрымбаева, жаңа несиелеу түрі жүзеге асқалы, оған қол жеткізуге ниет танытқандардың қатары күрт көбейген.

Біз 2003 жылы Ақмола облысында алғашқы несие серіктестіктерінің бірі болып құрылдық. Іргеміз қаланғанына биыл 13 жыл. Сол кезден бері несие серіктестіктері туралы заң талабы бойынша жұмыс жасап келеміз. Бастапқыда серіктестікке 20 адам мүше болса, қазір олардың саны 50 ден асады. Бүгінде жаңадан шығарылған ауылшаруашылық техникаларын несие серіктестіктері жүйесі арқылы несиелеу әдісі өте ыңғайлы дейді,- Бағила Бұрымбаева.

Ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу үшін, техника бағасының 20% көлемінде алғашқы жарна төлеу қажет.

Мен жаңа бағдарлама туралы естіп білдім. Содан кейін маған үш  техникаға дейін алуға болатынын айтты. Бұдан соң мен алғашқы жарнамды құйып, трактор, шөп буатын, және дән себетін техникаға қол жеткіздім. Қазір жаңа техника маған қосымша күш беріп, өз ісімді өркендете бастадым , -дейді Ақмола облысы Астарахан ауданындағы қожалық иесі Авхад Акаев.

Дереккөз: Айқын газеті

30466-6-nesie_aludy_zha_a_d_s__ru

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз