Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Неміс бренді Қазақстанда екі жаңа автоорталықпен толықтырылды

Volkswagen ресми дилері әрбір жаңа орталықтың құрылысына $5 млн инвестициялады, Volkswagen Centre Almaty жалпы ауданы 3535 шаршы метрді құрайды, оның ішінде бір уақытта 12 жеңіл және төрт коммерциялық көлікті орналастыруға болатын шоу-румның ауданы – 900 шаршы метр. 996 шаршы метр алаңда 13 постқа арналған сервистік цех орналасқан, ол автомобильдердің аса жаңа диагностикалық сканерімен, мамандандырылған құрал-жабдықтармен және VolkswagenGroup штаб-пәтері мақұлдаған 2 интерактивті қабылдау посттарымен жабдықталған. Айта кету керек, ел астанасындағы дилерлік орталық алматылық автоорталықпен толықтай бірдей.

Volkswagen Centre Almaty және Volkswagen Centre Nur-Sultan дизайннан, жиһазды орналастыру мен жеке аймақтарды ұйымдастырудан бастап, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен олардың алуан түрлілігіне дейінгі барлық корпоративтік бренд стандарттарына сәйкес келеді. Мысалы, Volkswagen жаңа дилерлік орталықтарының барлық клиенттеріне автоматты жуу қызметі қолжетімді болады, оны кез келген клиент оның автомобилі қаншалықты күрделі жөндеуді қажет еткеніне қарамастан пайдалана алады.

Жаңа енгізулер тек техникалық жабдықтау саласына ғана қатысты емес. 2019 жылдың күзінен бастап дилерлік орталықтарда бизнес-процестерді басқарудың «Жүйеге келтіру» автоматтандырылған жүйесі орнатылды, ол 2021 жылдың соңына дейін толық көлемде енгізілетін болады. Жүйе компания қызметкерлеріне ғана емес, сонымен қатар автокөлік иелеріне автокөлікті сервиске қабылдаудан бастап оны клиентке беруге дейін жөндеу жұмыстарының барлық кезеңдерін онлайн режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Қызмет көрсетудің барлық кезеңдерінде сапаны бақылау жүйесі жұмыс істейтін болады.

Әлемдік нарықта Volkswagen  қол жетімді баға сегментінде бола отырып, сапа мен сенімділіктің көрінісі болып табылатын брендтің беделіне ие. Orbis Auto қазақстандық автоәуесқойлар Volkswagen-нің жақсы жақтарын бағалаулары үшін және жаңа автомобильдерді сатудың жалпы көлеміндегі брендтің үлесі жылдан жылға өсуі үшін барлық мүмкіндікті жасайды. Біз жаңа құрылыс салуға және жұмыс істеп тұрған дилерлік орталықтарды қайта құруға инвестиция саламыз, қызметкерлеріміздің кәсіби өсуін үнемі қадағалап отырамыз және Volkswagen корпоративтік академиясында өткен әрбір жаңа тренингпен олардың біліктілік деңгейінің өсіп келе жатқанын көреміз. Бүгінгі таңда Volkswagen төрт дилерлік орталығы қызметкерлерінің 64%-ы академияда оқығаны туралы сертификат алды, жыл соңына дейін біз сертификатталған қызметкерлердің үлесін 76%-ға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз, – дейді OrbisAuto бас директоры Динара Искакова.

Volkswagen бүгінгі таңда Қазақстанда соңғы бес жылдағы «халықтық» бренд автомобильдерінің ең кең модельдік қатарын ұсынады. Қазақстандық автоәуесқойларға Volkswagen Polo, Passat, Tiguan, Touareg модельдері және Volkswagen желісіндегі ең ықшам жол талғамайтын көлік, биылғы жылдың жаңа өнімі Volkswagen Taos қолжетімді, жыл соңына дейін Volkswagen Jetta, брендтің бестселлерлерінің бірінің жаңартылған нұсқасы, сондай-ақ Volkswagen Teramont орташа өлшемді кроссовері келеді деп күтілуде. Коммерциялық техника сегментінде жаңартылған Crafter, сондай-ақ барлық жаңартылған Т6.1 тобы (Multivan, Caravelle, Transporter, Crafter) бар. Осы жылдың күткен жаңалығы жолаушылар орындауында да, жүк орындауында да жаңартылған Caddy. Volkswagen дилерлік орталықтарының клиенттері өздері үшін қолайлы шарттарда автокөлік сатып ала алады немесе Trade-in бағдарламасы аясында өз көлігін жаңа Volkswagen-ге ауыстыра алады.

Динара Искакованың айтуынша, жаңа дилерлік орталықтардың ашылуы Volkswagen-нің қазақстандық нарықтағы позициясын нығайтуға және брендті жылжытудағы ресми дилердің позициясын күшейтуге көмектеседі. 2021 жылдың Volkswagen үшін өсу белгісімен өтті: қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша Orbis автомобиль тобында Volkswagen жеңіл автокөліктерінің сатылымы 2540 бірлікті құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1493 автомобильге көп; сол кезеңде коммерциялық техниканың сатылымы 109 бірлікті құрады, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 76%-ға көп. Осы жылдың соңына дейін ресми дилер Volkswagen брендіндегі жеңіл автомобильдер мен коммерциялық техника сегментіндегі үлесін 70% – ға дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз