Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
16
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

Неліктен Ковид-19-ға қарсы тиімді вакцина жақын арада дайын болмайды?

342

АҚШ-тың Тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектердің сапасын санитарлық қадағалау басқармасы (FDA) Ковид-19 вакциналарын Бағалау жөніндегі нұсқаулықты шығарды.

Клиникалық сынақтар барысында қауіпсіздігі мен тиімділігінің дәлелденуіне баса назар аударылады. Мұндай Нұсқаулық — вакцина әзірлеу кезіндегі стандартты рәсім. Онда екі негізгі көрсеткіш басшылыққа алынған.

Біріншісі — бақылау көрсеткіші. Егер

«вакцина салынған адамдардың ауруының алдын алып немесе науқастардың жағдайын кемінде 50%-ға жеңілдететін» болса, лицензия беріледі.

Әдетте FDA  вакциналарға минималды талап қояды, сынақ нәтижелерінің тиімділігі 65%-дан төмен болмауы керек.

Екінші кезең – ұйымның барынша қысқа мерзімде лицензия беруге әзірлігі. FDA хабарламасына қарағанда, мұндай шұғыл шешімдер  жалған ақпараттың артуына байланысты. Ал  ұйымның пікірінше, бұл вакцинацияға қатысты скептицизм күн санап артуына әкеледі. Мұндай көзқарас барлық континентте орын алуда.

Ғылыми ортадағы абыржу

Дегенмен, Ковид-19 вакцинасының пайда болу мерзімі FDA нұсқауларына мүлдем байланысты емес. Керісінше, бұл бүкіл әлем бойынша вакцинаға қарсы күрескерлер ашқан ақпараттық соғысқа жауап.

Вакциналарды әзірлеу әдетте вирусты жұқтырудың алдын алу үшін жасанды антиденелер реакциясын түзуге негізделген. Бірақ антиденелердің ары қарайғы әрекеті мен ағзаның коронавирусқа иммундық жауабы әзірге айқын емес. Бұл тақырыптағы көптеген зерттеу қарама-қайшылыққа толы.

Ковид-19 вирусын тудартын SARS-CoV-2-ге қарсы антиденелер реакциясы туралы соңғы ғылыми ақпарат келесідей.

  • Көптеген емдеушілер антиденелердің бірнеше түрін шығарады. Олардың ішінде бейтараптандырушылар өте аз болады. Яғни бұл антиденелер вирустың жасушаға ену мүмкіндігін тежейді.
  • Антиденелердің саны мен типі адамдарда әртүрлі болады. Рецензиядан өтпеген алдын ала зерттеудің бірінде зерттеушілер емделіп шыққан науқастың плазмасын зерттеп, ағза реакциясының кең спектрін анықтады. Көпшілігінде  антиденелер орташа деңгейде болды. Шамамен 16%-ынан бейтараптандыратын антиденелер табылған жоқ. Бейтараптандыру белсенділігі өте күшті антиденелер тек 10%-ында болды.

Зерттеу авторы, Нью-Йорк қан орталығының маманы Ларри Лучсингер айырмашылықты жас, қан тобы немесе этникалық тұрғыдан түсіндіруге болмайды дейді. Бір айта кетерлігі ер адамдардағы антиденелердің вирусқа қарсы белсенділігі екі есе жоғары болды.

  • Басқа бір зерттеуде қатысушылардың 100%-ында бейтараптандыратын антиденелердің саны төмен болды. Сонымен қатар, авторлар барлық адам SARS-CoV-2 бейтараптандыратын антиденелерді генерациялауға «бастапқыда қабілетті болады» деп мәлімдеді.

Емделетініне кепілдік жоқ

Ауыр инфекция жұқтырған адамдарда антиденелер көбірек түзіледі.

«Егер сіздің ағзаңызда күшті қабыну процесі өтіп жатса, антиденелер деңгейі жоғары болады», — дейді Лондон университетінің маманы Санджив Кришна.

Ол ұзақ уақыт бойы 177 адамның вирусқа қарсы түзілген түрлі антиденелер (IgG) деңгейін қарастырған зерттеу авторларының бірі.

  • Кез келген науқастың организмі антиденелерді түзбейді. Кришнаның айтуынша, вирус жұқтырғандардың 6%-ында IgG антиденелерінің оң нәтиже көрсетпегенін айтты.

Вируспен ауырып жазылған адамдардың қаншалықты қайта жұқтыру қаупіне ұшырайтыны белгісіз.

«Бейтараптандырушы антиденелердің қанша уақыт бойы әрекет ететіні және қорғайтыны туралы айтуға әлі ерте», — деді Гарвард медицина мектебінің маманы Дэниел Лингвуд  Ахіоѕ басылымына.

Дегенмен, Nature Medicine журналында жарияланған зерттеу бар.

  • 37 симптомсыз және 37 симптоматикалық науқастарды бақылау кезінде екі немесе үш айдан кейін IgG және  бейтараптандыратын антиденелер деңгейінің төмейтінін анықтады. Бұл жағдайда симптомсыз науқастардың антиденелері денеден тезірек жоғалып кетеді.

Организмнің иммундық жауабы туралы не белгілі

Зерттеу барысында антиденелермен қатар ғалымдар ағзаның басқа да иммундық субъектілері туралы сөз қозғады. Атап айтқанда, Т-жасушалары туралы да айтылды, олар денеге антиденелердің мақсаттын анықтауға көмектеседі.

Зерттеушілер Ковид-19-дан жазылғандардың басым көпшілігінеде T-жасушалары бар екенін анықтады, ол тек SARS-CoV-2 құрамындағы ерекше ақуыздарға қарсы тұрады.

Күзде коронавируспен күресте бұрынғы қателерімізді қайталамауымыз керек — Түменова

Т-жасушаларының киллерлік түрі де бар. Олар кейінірек ауру процесінде пайда болады және инфекция мен оның ауырлығын жеңілдетеді. Яғни, вирустың өзінен қорғамайды, тек оны жұқтырған жасушаларды өлтіреді.

  • Қарқынды терапия бөлімшесіне келіп түскен COVID-19-ды жұқтырып, ауруы асқынған пациенттерге жүргізілген шағын зерттеу олардың көпшілігінде S-SARS-CoV-2-нақты киллерлік Т-жасушалары бар екенін көрсетті.
  • Вирустың әсеріне ұшырамаған екі қатысушыда SARS-CoV-2-ге қарсы жауап беретін Т-жасушаларының деңгейі төмен болды.

«Т-жасушалардың маңызы зор, себебі олар көптеген вирустық инфекциялармен күресуге көмектеседі», —деді  Жалпы профильдегі вакцинация және иммунотерапия орталығының директоры Марк Познанский CNN-ге берген сұхбатында.

Дегенмен, Т-жасушаларының реакциясы қаншалықты ұзақ уақытқа созылатыны белгісіз, олар SARS-CoV-2 инфекциясының алды ала ма және вирус оларды және антиденелерді бұзып өте ме белгісіз.

«Біз ковидке қарсы тұратын қорғаныш иммунитетінің қандай болуы керек екенін білмейміз, сондықтан адамдарды қорғау үшін нақты нені  құрастыратынымызды білмейміз», — деп түйіндеді Познанский.

Басқаша айтқанда, ғалымдар Ковид-19-дан қорғауда антиденелер шешуші рөл атқармайды, тек адамның иммундық механизмінің басқа жасушаларымен байланыста ғана нәтиже береді деген қорытындыға келді. Бірақ қандай жасушалардың байланысы тиімді екенін әлі де зерттеу керек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз