Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Күзде коронавируспен күресте бұрынғы қателерімізді қайталамауымыз керек — Түменова

1276
Бахыт Түменова

Түзе алмайтын, бірақ қайталауға болмайтын қателер

— Бақыт Ниязбекқызы, билік бірінші карантиннен қандай сабақ алды? Бүгінде эпидемияны жеңу үшін қандай қателерді ескеруіміз керек?

— Біріншіден, мемлекеттік құрылым ақпаратына қоғамның сенім деңгейі өте төмен екенін ескеруіміз керек. Сондықтан карантин жарияланған кезде халықтың көпшілігі оны сақтамады.

Екінші үлкен қателік –  билік Италия, Испания, Ресей, АҚШ-та болған жағдайды бағалай алмады. Ақпан айының өзінде, Нұр-Сұлтан қаласына барған іс-сапар кезінде мен вирустың Қазақстанға да келетініне күмәнданған адамдармен кездестім.

Бізде Ресеймен жалпы шекараның ұзындығы 7 мың километрі және Қытаймен 2,5 мың километр. Бірақ маған сенбегендер көп болды. Ал сенімсіздік медицина қызметкерлерінің арасында да болды.

Бұл бізге әсер етпейтіндей, айналып өтетіндей бір сезім болды. Бірақ бүгінгі шындық Денсаулық сақтау, медициналық қызметтер жүйесінің төтенше жағдайға дайын еместігін көрсетті

Осылайша, дәріханаларда маскалар болмады, ӨЖЖ-ға қатысты да сұрақтар туындады. Ал адамдар әлеуметтік оқшаулану талаптарын сақтамады. Яғни мұнда қоғамның кінәсі де бар.

Сонымен қатар, билік қазақтардың менталитеті мен дәстүрлерін – тойлар, жерлеу және басқа да іс-шараларды ескермеді.

Нақты стратегияның жоқтығын көрсеткен түрлі ақпарат көп болды: біреулер маска кию керек десе, басқалары оның  пайдасы жоқ және т. б. деді.

Уақытты босқа жібердік

— Басты қателігіміз — біз Қытайда эпидемия басталған сәттен бастап уақытты пайдаланбадық.

Қаңтар және ақпан айларында дайындалуға мүмкіндігіміз болды…

Біз түрлі жағдайдың дамуын қарастыратын А, Б жоспарларын әзірлемедік, жұқпалы ауруларға арналған жеткілікті  төсек-орын әзірлемедік.

Бүгін біз науқастардың бір бөлігін амбулаторлық емдеуге ауыстырамыз. Бірақ «алғашқы көмек» дәрігерлерін дайындау керек еді, себебі ол ең үлкен желі, қуатты күш. Ал біз стационарлық қызметке баса назар аудардық. Індеттің ең басында стационарларға амбулаториялық емдеуге болатын науқастарды орналастырды.

Бірінші карантиннен кезең-кезеңмен, біртіндеп шығу керек еді

Науқастың жүрек соғысын бақылағандай  апта сайын тексеру жүргізіп, егер бәрі қалыпты болса, келесі сатыға түсіп, ал жағдай нашарлаған болса бір сатыға төмен оралу керек еді. Ал бүгін тағы да карантин енгізу керек.

Бұдан басқа, басқа елдердің тәжірибесін ескеру қажет болды. Біздің дәрігерлерімізді қорғап, оқытып, соғысқа дайындалғандай дайындалу керек болды!

Өйткені пандемия – соғыс. Яғни, тек денсаулық сақтау жүйесі ғана емес, барлық халық Отанды қорғауы қажет еді. Әркім өз мойынына жауапкершілік алуы керек болатын

Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру жөнінде тағы да айтқым келеді. Міндетті медициналық сақтандыру қорында көп ақша бар, бірақ одан тек жалақы төлеп, сақтап отыр. Дәрігерлер жұмыс істей алуы үшін жүйені қолдау керек.

Бүгіннен бастап күзе дайындықты бастағанымыз дұрыс

Атап айтқанда, оқу қыркүйек айында үйреншікті режимде бастала ма, соны анықтағанымыз жөн. Қазірдің өзінде басқа аймақтардағы студенттер келіп,  инфекцияны жұқтырмау үшін оларға онлайн оқуға тура келетінін хабарлау керек шығар?  Жатақханаларды қайта бейіндеу туралы да ойлану қажет..

Ешбір боямасыз ақпарат беру

—COVID статистикасы бойынша ақпараттандыру жүйесі де халықтың күмәнін тудырды, себебі оны күн сайын жаңартып отыруды қойды. Қалай ойлайсыз, бұл немен байдланысты?

— Ақпарат алу құқығы бар, ол сенімді болуы керек. Егер ол болмаса, бос орын теріс жаңалықтармерн толтырылады. Өйткені инфекцияны жасыра алмайсың, статистикиканы да қолдан жасауға болмайды

Егер коронавирустан болған өлім-жітім өңірлер бөлінісінде көрсетілсе, бұл пандемиямен күресте алдын алу шарасы болуы мүмкін. Ал өңірлер ішінде елді мекендер бойынша статистика беру керек

Вирус сіздің жақындарыңызға тимейінше, бұл Трамптың, Гейтстің немесе басқа біреудің ойлап тақаны деп ойлайсыз. Тіпті білімді адамдар да осылай ойлайды. Ал енді әркім үрейге бой алдырып, қорқа бастады.

Статистика адамдардың жағдайды бағалай алуы үшін майданнан алынған мәліметтер ретінде жүруі керек. Бірақ Денсаулық сақтау министрлігімен бірге емханаларда психологтар мен психотерапевтер жұмыс істеп, БАҚ арқылы хабарлауы тиіс.  Еш боямасыз, шынайы ақпарат беруі керек.

Дәріханалардағы қарбалас коронавирустың таралуына себепші болды

— Ресми нұсқаға сүйенсек, дәрі-дәрмек тапшылығына халықтың үрейге бой алдыруы себеп болған. Дәрі-дәрмектерді сатып алатын компаниялар адамдар артығымен алып, тапшылықты қолдан жасап отыр дейді. Шынымен де солай ма және ол кімге пайдалы болуы мүмкін?

— Екеуі де дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі де, халық арасындағы дүрлігу де дұрыс.

Біздің заң бойынша жұқпалы ауруларды емдеу медициналық қызметтердің тегін міндетті пакетіне кіреді

Сондықтан пациенттерді стационарларда тегін дәрі-дәрмектермен, жағдайы жеңіл пациенттерді мемлекет есебінен тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге міндетті.

Сонда бүгінгі күні жұқпалы аурулардың таралу ошақтарына айналған дәріханаларда бұл дүрлікпе болмайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз