Өндіріс көлемі қысқарса да, шикізат сатылымы төмендеуде.
ел экономикасындағы негізгі тауар сатылымы 19%-ға немесе 520 млн долларға қысқарды
Сатудың нақты көлемі де қысқарды: мамыр айында шетелге 6,07 млн тонна шикі мұнай кетті, бұл сәуірдегі көрсеткіштен 146,7 мың тоннаға аз (-2,4%). Экспорттық сатылымның қысқаруына шикізат бағасының төмендеуіне қарағанда мәмілелердің азаюы көбірек әсер етті.
Айта кетерлігі, 10 негізгі мұнай сатып алушылар елдің ішінде (олардың үлесіне барлық экспорттың 77%-ы тиесілі) сатудың тек бір бағытында Нидерландыға сатқан мұнай көлемі сәуір айынан ($169,3 млн-нан 285,6 млн-ға дейін) жоғары болды. Қалған елдерге сатылымның физикалық және құндық көріністегі төмендегені байқалады. Әсіресе:
Сонымен қатар, уақыт бойы негізгі сатып алушылардың бірі болып келген Францияға жіберілетін экспорт төмендеуде. Мамыр айында экспорт 36,7 млн долларды құрады, бұл сәуір айындағы көлемнен 178,9 млн-ға аз.
Алайда, жыл басынан бергі жағдайды қарайтын болсақ, мұнай экспортының жағдайы сәл де болса жақсырғанын көруге болады.
2020 жылдың қаңтар-мамырында шетелге 30,6 млн тонна мұнай сатылды (өткен жылдың сәйкес кезеңіне +7%). Жалпы сомасы — $13,8 млрд (+3,4%) астам. Негізгі сатып алушы — Италия ($3,6 млрд, +4,2%). Одан кейін:
Осы Қазақстан мұнайының барлық сатылымының 63%-дан астамы алты елге тиесілі. Көріп отырғанымыздай, экспорт бірінші кезекте Азия бағытында дамып келеді.
Айта кету керек, Қазақстанның барлық негізгі экспорттық тауарларының ішінде мұнайдың сатылымы ғана біршама өскен.
2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында көбірек мәміле жасалған 15 өнім түрінің 14-інің сатылымы төмендеді. Жалпы алғанда республика экспорттан түсетін қаржыдан 1,5 млрд жоғалтты. Мырыш (-$313,8 млн-нан 28,1 млн-ға дейін), газ (-$209 млн-нан 947,8 млн-ға дейін), мыс (-$186,4 млн-нан 911,9 млн-ға дейін) және мазут (-$183,2 млн-нан 230,3 млн-ға дейін) сатылымдары едәуір төмендеді.
Мұнай экспортының мамыр айындағы төмендеуіне өндіріс көлемінің қысқаруы әсер етті.
2020 жылдың қаңтар-сәуірінде орташа есеппен республикада ай сайын 6,74 млн тонна шикі мұнай өндірілді. Алайда мамыр айында көрсеткіштер айтарлықтай төмендеді – айына 6,09 млн тонна болды. Маусымдағы деңгей одан да төмен – 5,34 млн тонна. Бұл 2016 жылдың қыркүйегінен бастап ең төменгі айлық өндіру деңгейі. Ол кезде өндіру көлемі 5,1 млн тоннадан аз болған еді
Өндірудің төмендеуіне бірінші кезекте ОПЕК+ шарты шеңберінде Қазақстанның өзіне алған міндеттемелерін орындауы әсер етті. Мұнай экспорттаушы елдер бөлінген квоталарға сәйкес өндіруді төмендетуі тиіс болды.
Бұл әлемдік нарықтағы ұсынысты төмендетуге және соның салдарынан шикізат бағасын көтеруге мүмкіндік береді деп болжануда.